Ұлыбритания төрткүндік жұмыс аптасын енгізбекші

Ұлыбритания төрткүндік жұмыс аптасын енгізбекші
Фото: www.newstyle-mag.com

Ұлыбритания төрт күндік жұмыс аптасын сынап көрмекші. Жобаны 4 Day Week Global бақылайды. Пилоттық бағдарламаның басталуы 2022 жылдың маусымына жоспарланған. Ол алты айға созылады, деп хабарлайды Bloomberg. 

Эксперимент 100/80/100 үлгісін пайдаланады. Яғни, 100 пайыз еңбек өнімділігін ескере отырып, жұмыс уақытының 80 пайызы үшін жалақының 100 пайызы төленетін болады. Бұл тәжірибеге қазірдің өзінде 30 компания қатысатыны расталды. 

Жоба авторлары төрт күндік жұмыс аптасы қызметкерлердің ынтасын арттырып, психологиялық жағдайын жақсартады деп болжайды. Себебі, басқа жерлерде ұйымдастырылған осыған ұқсас зерттеулер сондай нәтиже көрсеткен. Мысалы, Исландияда жұмыс аптасының қысқаруы қызметкерлерге стресс деңгейін төмендетуге және жеке өмірлерін жақсартуға мүмкіндік берді. Ал Майкрософттың Жапониядағы кеңсесінде жұмыс күндерінің қысқаруы өнімділіктің 40%-ға артуына әкелді.

А. Оралқызы