Ештеңе істемеудің пайдасы қандай?

Ештеңе істемеудің пайдасы қандай?

Бүгін біз ештеңе істемеуді дәріптейтін голландиялық никсен идеясын талдап көрелік. Никсен бізге қалай көмектесе алады? 

«Никсен» голланд тілінен аударғанда «ештеңе істемеу» деп аударылады. Бірақ іс жүзінде никсен дәлме-дәл еш әрекет істемеу дегенді білдірмейді. Бұл сіздің ойыңызды тыныштандыратын жаттығу іспетті. Біз үнемі күйзеліс жағдайында өмір сүреміз. Біз тым талапшылмыз. Біз шамадан тыс өнімді болуға тырысамыз. Жеке қарым-қатынаста да, кәсіби салада да. Тіпті ауыр жұмыс күнінен кейін де біздің басымыз әртүрлі мәселелерге толтырып қоямыз: жоспар құру, үйді тазалау, тамақ дайындау және т.б. Біз тіпті жай серуендей алмаймыз. Уақыт бос өтпесін деп пайдалы аудиокітап тыңдаймыз.

Никсен мүлде керісінше, оның мақсаты - бейсаналы ойлауға жету. Мақсатсыз серуендеу сізге тыныштық сыйлайды. Өнімді боламын деп кіап тыңдай бергеннен, бір уақыт аспанға қарап, бұлтта қалқып жүру сізге әлдеқайда жақсырақ нәтиже көрсетуге көмектеседі. The Academy of Management Journal академиялық журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар «бұлтта жиі ұшатын» мамандардың ең креативті идеялармен шығатынын айтады.

Никсен маңызды шешімдер қабылдауға көмектеседі. Әлеуметтік психолог Ап Дейкстерхуйс «Бейсаналық ойлау теориясын» ұсынды. Біздің сана ақпаратпен жүйелі жұмыс жасайды және оның аз ғана бөлігін өңдей алады, ал бейсана ақпаратты параллель өңдейді. Сондықтан бейсаналық ойлау жүйесі қиын мәселелермен жақсы күреседі, ал саналы ойлау жүйесі қарапайым шешім қабылдауға шебер.