Интроверт пен социофобияның айырмашылығы неде?

Интроверт пен социофобияның айырмашылығы неде?

Қазір жасөспірімдер арасында тұйық болып, қоғамнан алшақтау сәнге айналғандай. Өйткені қоғамда интроверт болуды, социофобияны ерекшелік деп санайды. Бірақ интроверт пен социофобияның айырмашылығы бар. Социофобия — өмірге қауіпті психикалық ауытқу. 

Интроверт болып туылады, социофобия уақыт өте пайда болады. Алғашқысы бала кезден жалғыздықты жаны сүйеді, өз-өзімен қалу арқылы энергия алады. Ал, екіншісінің мінезі психологиялық зақымның әсерінен болады. Өкпе, сатқындық пен қоғамның қарым-қатынасынан туындайды. 

Интровертке жалғыздықта жайлы, социофоб жалғыз қалғанда өзін мазасыздықтан құтқарады. Алғашқылары кештерден бас тартса да, оған жалғыздық шынымен бақыт сыйлайды. Ал, екіншісі ортаға қосылғысы келсе де, оны қорқыныш мазалайды. 

Интроверт адамдармен араласып біледі, социофоб — білмейді. Интроверт адам өзгелермен тіл табысып біледі, сөйлесіп, өз дегенінде тұра алады. Ал социофоб үшін сөйлесу  қиын. Олар адамдардың ортасынан қашады.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар