Стюардесса ұшақтағы даяшы емес

Стюардесса ұшақтағы даяшы емес

Көбі стюардессаның жұмысы жолаушыларды қарсы алып, орындарына жайғастырып, тамақ таратумен аяқталады деп ойлайды. Алайда бортсеріктің қызметі сіз ойлағаннан әлдеқайда маңызды. 

Стюардесса ұшаққа отырған әрбір жолаушының көңіл-күйін анықтап қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне жауап береді. Ол үшін әрбір стюардесса психологияны жетік меңгеріп, адамға бір қарағаннан оның жай-күйін тануы қажет.

Жолаушыларды ұшаққа кіре берісте екі бортсерік қарсы алады. Олардың міндеті мынадай: 

Сәлемдесу

Әрбір жолаушымен сәлемдескенде стюардесса олардың сөйлесу мәнеріне, ашықтығына мән береді. Осылайша ұшу барысында кіммен артық сөйлеспеу керегін, кімге көбірек көңіл бөлу керегін анықтайды. 

Дене бітіміне мән беру

Төтенше жағдайда ірі денелі ер адамның көмегі қажет болуы мүмкін. Сондықтан көбінесе стюардессалар ірі денелі жолаушыны апат жағдайына арналған есіктің жанына отырғызады. Өйткені төтенше жағдайда есікті ашу үшін күш қажет.

Ауырып тұрған не ішімдік ішкен адамды анықтау

Стюардесса ұшаққа отырған жолаушылардың арасынан алкоголь ішкен не ауырып тұрған адамды анықтауы тиіс. Өйткені ұшу барысында оларды бақылап отыру қажет. Ауырып тұрған адамға кез келген сәтте көмек керек болуы мүмкін, ал ішімдік ішкен жолаушы шу шығаруы ғажап емес.

Аэрофобиясы бар жолаушыны анықтау

Кейбір адам ұшақта ұшудан қорқуы мүмкін. Сондықтан стюардессалар барынша аэрофобиясы бар жолаушыға көмек қолын созады. Қажет болса психологиялық көмек береді. 




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар