Жануарлардан үйренетін 5 нәрсе

Жануарлардан үйренетін 5 нәрсе

Табиғаттан тек материалдық емес, рухани құндылықтарды да алуға болатынын ұмытпаған жөн. Мысалы, жыландар бауырмен жорғалайды, сипап сезу мүшелері жоқ, көру қабілеті төмен. Бірақ ол – жыртқыш. Сіз де аянбаңыз, қолыңызда тұрған мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Ендеше адамдар жануарлардан не үйрене алады?

1. Абдан (арыстанның баласы) сияқты тәуекелшіл болу. Олар ойларын ақырып емес, іспен дәлелдейді. Өздері кішкентай болса да, бір аңды аулау үшін басын қатерге тіге алады. Сіз де тәуекел етуді үйреніңіз. Жетістікке жету үшін өзіңізге қымбат затты құрбан ете білу керек.

2. Балық секілді "ағысқа қарсы" жүзу. Балықтар ағысқа қарсы жүзеді. Сонда ағыспен бірге азық та, оттегі де келеді. Олар өзіне керегін өткізіп алмау үшін ағысқа қарсы жүреді. Ал адамдар күнделікті тұрмыста, қатып қалған қағидамен өмір сүреді. Олар тек жайлы жерден алыстағысы келмейді. Өмірде лотерея билетінсіз жеңімпаз атанғысы келеді. Бірақ ол үшін жағдайды өзгерте білу керек. Демек балықтар секілді өзіңізге керек дүниені алғыңыз келсе, бағытыңызды өзгертіңіз. Себебі өміріңіз – өз қолыңызда.

3. Тоқылдақтар сияқты нысананы дәл көздеу. Олар өзге құстар секілді жемін жерден іздемейді, оңайлықпен таппайды. Ағашты бір тескеннен керегімді аламын демейді. Бір әрекетті қайта-қайта қайталап, яғни бір жерді тұмсығымен ұрғылай береді. Осылай жасаса ғана өзіне қажетін табады. Сіз де өз дегеніңізді алу үшін мақсатыңызды дәл айқындаңыз. Ойыңыз сан-саққа кетіп, жүйеленбей, бір ізге түспесе, сіздің миссияңыз орындалмауы мүмкін.

4. Төбет секілді "бірінші" болу. Иттер "мені алдымен үйіңе апар, жуындыр, тамақ бер" демейді. Олар иесіне алдымен еркелейді. Иесі оның еркелігіне сүйсініп, басынан сипап, азығын беріп, көңілін аулайды. Сол секілді сіз де өзге адамдарға ойыңызды, ілтипатыңызды бірінші болып білдірсеңіз, сіз де сәйкесінше лайықты жауапты ала аласыз.

5. Жыландар тәрізді налымау. Жыландар бауырмен жорғалайды, сипап сезу мүшелері жоқ, көру қабілеті нашар. Бірақ ол – жыртқыш. Сіз де аянбаңыз, қолыңызда тұрған мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Өз-өзіңізге сеніммен қарап, мақсатқа жету үшін күшіңізді аямаңыз. Сізде барлық мүмкіндік бар!


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар