Қай жігіт – бай жігіт? (психологиялық тест)

Қай жігіт – бай жігіт? (психологиялық тест)
Фото: BestVix

Ойлау жүйесінің түрі көп, психология оны үшке бөледі: абстракт, логика, тәжірибе. Егер өзіңіздің ойлау жүйеңіз қай түрге жатататынын білгіңіз келсе, мұқият болуды тексеретін тесттен өтіп көріңіз. Суретке қараңыз, үш жігіттің қайсысы бай жігіт деп ойлайсыз?

1-нөмірлі жігіт
Егер осы жігітті таңдасаңыз, белдігіндегі айылбасын байқамаған екенсіз. Ол оның мүлде байлыққа қатысы жоқ екенін көрсетеді. Ол беймәлім фирманың белгісі.
Бұл фактіні назардан тыс қалдырған адамның миы абстракт ойлау жүйесіне құрылған. Демек сіз креативті ойлай аласыз. Мәселені шешуде ойға келмеген түйін табасыз. Мұндай адамдардың өмірі шығармашылықпен тығыз байланысты.

2-нөмірлі жігіт
Таңдауыңыз екінші нөмірдегі жігітке түссе, тәжірибелік ойлау қабілетіңіз жақсы дамығанын көрсетеді. Бірақ дұрыс жауабы бұл емес.
Сіз ақшаға жақсы қарайсыз. Үнемшіл, табысты кәсіпкер бола аласыз. Әр ресурсты орынды қолданып, аяққа тұрып кетуге ішкі ойыңы көмектеседі. Өте пысық адамсыз.

3-нөмірлі жігіт
Сіздің логикаңыз өте жақсы дамыған. Нағыз бай жігітті дәл таптыңыз. Ол сырт көзге қарапайым көрінетін, бірақ бренд киім киген.
Сіз аса ұсақ бөлшектерді де назардан тыс қалдырмайсыз. Сізді алдау мүмкін емес. Логикаңыз ең күрделі тапсырмаларды да шешуге жетеді. Адамдарды сыртынан саралай білесіз. Сізден өте жақсы психолог шығады. Адамдарға және технологияға қатысты маман иесі бола аласыз.

@. @assel_assanova