Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Ғалымдар тұжырымы: Баламен аз сөйлесудің зияны көп

Ғалымдар тұжырымы: Баламен аз сөйлесудің зияны көп

Ғалымдар тұжырымы: Баламен аз сөйлесудің зияны көп

Бала туа салысымен онымен сөйлесе алмайтының анық. Тіпті, түнде дұрыс ұйықтамайтын баланы бағамын деп өзіңде де әл болмайды. Бала өсе келе әңгімеге жауап бере бастайды. Дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, кейбір ата-ана балаларымен мүлдем сөйлеспейді және оның ұзақмерзімді кері әсері өте көп, - деп жазады ВВС.

Автордың айтуынша, адамның болашағына көп әсер ететін негізгі фактордың бірі – тіл. Ал көптеген нейробиологтардың зерттеулері бала тілінің шығуы мидың дамуына жақсы әсер ететінін көрсеткен еді.

"Нейробиологтар бала сөйлей алмаса да, оған тіл қатудың пайдалы екенін анықтады. Ата-анасы көп әңгіме айтқан балалардың ой қабілеті жоғары деңгейде болады. Яғни, пассивті тыңдау да балаға жақсы әсер етеді. Мидың әлеуметтік және тілдік қатынастарға жауап беретін бөлігі балалардың ата-анасымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасы баласына қарап сөйлегенде тілдік қабілеттер дамиды және дүниетаным деңгейі артады",- дейді ғалымдар.

Бұл қызық: Ақша мен бала

Сонымен қатар, ғалымдар ата-анасы сөйлесу үшін баласына уақыт бөлген балалардың тіл байлығы мол болатынын да анықтаған.

"Ересектер күнделікті күйбең тірлік пен күйзелістен балалармен сөйлесуге аз уақыт бөледі. Дегенмен, біздің балалармен қалай сөйлесетініміз, оларды қалай тыңдайтынымыз олардың миының дамуына жақсы әсер етеді",-делінген мақалада.

0
Рейтинг: +1

Фото: whispers24.com
Қосылған күні: 07 қазан, 11:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.