Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Ұнатқан суретіңіз арқылы шынайы көңіл күйіңізді біліңіз (тест)

Ұнатқан суретіңіз арқылы шынайы көңіл күйіңізді біліңіз (тест)

Ұнатқан суретіңіз арқылы шынайы көңіл күйіңізді біліңіз (тест)

Сізге төрт ағаштың суреті берілген. Әрқайсысына мұқият қарап, басқаларына қарағанда ұнамдырақ деген бір ағашты таңдаңыз және сол ағаштың нөміріне сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіздің шынайы көңіл күйіңізді біліңіз.

1. Бұл суретті романтикаға жаны жақын адамдар таңдайды. Жиі армандауды жақсы көреді, көбінесе көңіл күйі көтеріңкі жүреді. Мұндай адамдар аздап аңқау келеді, айналасындағыларға сенім артуға үйренген. Бірақ бір жаманы адамдар оның бұл қасиетін жеке басының қамына пайдаланып кетеді.

2. Бұл эмоциялық тұрақтылығымен ерекшеленетін реалистердің таңдауы. Мұндай адамға қаламағанын істету, алған бетінен қайтару мүмкін емес. Бұл тұлға да үнемі көтеріңкі көңіл күймен жүреді. Одан жақсы отағасы (отанасы), сенімді іскер серіктес шығады.

3. Бұл ағаш болмысын болжап болмайтын, қызба адамдарға ұнайды. Оның көңіл күйі тұрақсыз, ойға келмейтін істерге бола өзгере салуы ғажап емес. Мұндай адамдар көп кедергіге тап болады және тез шешім шығара алмайды. Өз көзқарасына үнемі күмән келтіріп, таңдауын өзгерте береді.

4. Мұндай ағашты кертартпа адамдар таңдайды. Олар өзгерісті ұнатпайды, бейтанысқа немқұрайлы қарайды. Мұндай адамның көңіл күйі жағдай ойдағыдай болуына тікелей байланысты. Егер бір нәрсе жоспар бойынша болмай қалса, бірден жабырқап, барлығына қолды бір-ақ сілтейді.

Берілген сипаттамалар ойдан шығарылған жоқ, әртүрлі психологияны саралай отырып, жасалған тест нәтижесі. Демек өзіңізде барлығы жақсы әлде нені өзгерту керек екенін ойланып көріңіз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 03 қазан, 09:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.