Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Жас келе уақыт неге жылдам өтіп жатқандай көрінеді?

Жас келе уақыт неге жылдам өтіп жатқандай көрінеді?

Жас келе уақыт неге жылдам өтіп жатқандай көрінеді?

Таң атады, кеш батады. Күнделікті күйбең тіршілікпен бір күннің қалай өте шыққанын аңғармай қаламыз. Уақыт зулап өтіп бара жатқандай. Ал бала кезде ше?

Бала кезде бәрі басқаша секілді еді. Уақыт ұзақ болып көрінетін. Кейде күткен күніңді жеткізе алмай сарылушы едік. Есеюді аңсайтынбыз. Қалаған дүниемізге қол жеткізіп, қиялдағы таңғажайып ойларды жүзеге асыруға асығатынбыз. Есейгенде бәріне уақыт тапшы болып тұрғандай көрінеді.

Жас келе уақыт жылдам өтіп жатқандай көрінетіні рас. Кеше ғана жиырма бесте болып, бүгін отыздан асып, ертең қырыққа таяп қалғанын аңғармай қалған жандар аз емес. Олардың қатарында өзіңіз де болсаңыз, таң қалмаңыз. Сынаптай сырғыған уақыт деп бекер айтпаса керек.

Есейгенде уақыттың неге жылдам өтетінін әркім әрқалай түсіндіреді. Осы орайда уақыт шынымен жылдам өте ме? Жылдам өтуі мүмкін емес қой. Жуырда АҚШ-ғы Дьюк университетінің профессоры Адриан Беджан бұл құбылысты өз зерттеуі бойынша түсіндіріп шығуға тырысыпты.

- Уақыт сол бәз-баяғы қалпында қалады. Тек адам соны әрқалай қабылдай бастайды. Бірде тез өтіп жатқандай көрінеді. Енді бірде уақыт тоқтап қалғандай көрінеді.

Уақыттың 12 құпиясы

Жас кезде ми барлық ақпаратты жылдам қабылдайды әрі тез қорытынды шығарады. Сондықтан да адамға уақыт жай өтіп жатқандай сезіледі. Есейе келе когнитивтік қызмет өзгере бастайды. Мидың қабылдауы да бәсеңдеп, уақыттан қалып бара жатқандай күйге салады. Осыдан барып адамға уақыт жылдам өтіп жатқандай әсер етеді, - дейді ғалым.

Зерттеуге саккад тәжірибесін де негізге алған. Көзді жылдам бір бағытқа бұрғанда ми визуалды ақпаратты қабылдап үлгеруі керек. Жас кезде ми жылдам қабылдаса, есейгенде қабылдау уақыты арта түседі.

Зерттеуші маман есейгенде уақыттың жылдам өтіп жатқанын сезінбеудің жолын да қарастырыпты. Ол үшін ұйқыны реттеу маңызды екен.

- Уақытылы тынығып, уақытылы ояну - мидың жұмысын жақсартады. Нәтижесінде ақпаратты қабылдау да жақсара түседі, - дейді Адриан.

Фото: 6262.com.ua
Қосылған күні: 10 қаңтар, 17:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.