Суреттен не көрдіңіз?

Суреттен не көрдіңіз?
Фото: sauap.org

Әр адам өзінше өзгеше тұлға. Қысқаша тест арқылы өзі туралы қызық та пайдалы ақпаратқа қанық болу мүмкіндігін ұсынамыз. Суреттен не көріп тұрсыз?

Қара мысық

Сіз өзіңізді барынша жоғары ұстайсыз. Асығыс шешім қабылдайсыз, істі түбіне дейін қазбалауды аса ұната бермейсіз. Бірақ биікке қол созасыз. Сізе аздап тереңнен ойлай және мұқият болу жетіспейді. Жауапкершілікті сезініп, салмақты болуға тырысыңыз. Әйтпесе діттеген жеріңізге жетуіңізге екіталай.

Тышқан

Аса мұқият, ойшыл жансыз, шешім қабылдауда жеті өлшеп, бір кесесіз. Сіздің бір ғана кемшілігіңіз – өзіңізге еркіндік бермейсіз. Алайда өмір тек жұмыс істеу мен алға қойған міндетті орындаудан құралмайды. Браз уақытты демалысқа да арнаңыз. Әйтпесе уақытынан бұрын өмірден өтіп кетуіңіз де ғажап емес.

Ақ-қара жолақ

Сіз үшін өмір тек ақ пен қарадан ғана тұрады. Сіз өз қиялыңыздағы идеалдарға ғана сенесіз. Жұмыста да барлығы қалтқысыз орындалуын қалайсыз. Бар мәселе осыда, ештеңе де соңына дейін жасалмайды. Өмірде ақ пен қарадан өзге реңктер де бар екеніне сене алмайсыз.

@. @assel_assanova