Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бозбала / Психология / Бастығыңыздың болмысы қандай?

Бастығыңыздың болмысы қандай?

Бастығыңыздың болмысы қандай?

Жер бетіндегі адамзат атаулы өмір бойы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп келеді. Өзара қарым-қатынас, тіл табысу, түсінісу біздің өміріміздің ең ажырамас бөлігі. Мұны өзінше бір ғылым деуге де болады. Себебі кез келген адаммен тіл табысып кету оңай нәрсе емес. алдыңдағы адаммен дұрыс сөйлесу үшін де оның мінезінен аздап хабардар болуға тура келеді. Ал бастықты түсіну, онымен тіл табысу көбінде оңай бола бермейді. Ендеше бастығыңыздың жұлдызнамасын және төмендегі жұлдыз-жорамалды ескере жүріңіз.

Тоқты

Бастығыңыз тоқты жұлдызында туылған болса, онда ол шыдамсыз, қызба және екеуара әңгімеде әрдайым тік мінезділігін көрсететін жан болғаны. Ондай жандар үнемі қоластындағылармен дөрекі сөйлеседі. Ал егер кімде-кім көңілінен шықпай қалса, ашуы құйындай көтеріліп шыға келеді. Дегенмен өкпесі, ашуы тез басылады. Төтенше жағдайларда тез жол тапқыш. Ол жаңа жобалар мен тиімді шешім ұсынған қызметкерлерді жақсы көреді. Ал өзі кез келген істі қағып алып, сол жерде шешіп жіберуге дайын. Алайда сәті келмеген іске араға шамалы уақыт салып, қайта оралуы екіталай. Себебі ол тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Ал ұзақ мерзімді жобаларға бас қатырмайды. Сонымен қатар бұл жұлдыздағы басшылар қызметкерлерімен өз жоспарын талқыламайды. Ал қоластындағылардың ұстамдылығын, сыпайылығын қатты бағалайды. Беймазалықты, тақуалықты, философиялық ой-толғамдарды жақтырмайды. Үнемі оған «жарайды, құп, дәл солай» деп бас шұлғитын адам ұнайды. Ал тапсырманы былай шыға бере ұмытуға бола береді. Себебі оның өзі бұл туралы көпке бармай-ақ ұмытып кетеді.

Торпақ

Егер сіздің бастығыңыз торпақ жұлдызындағы адам болса, онда оны салмақты, сабырлы, бір қарағанда байсалды деп біліңіз. Ол бәрінің, сонымен қатар өзімен бірге жұмыс істейтіндердің де бағасын біледі. Оны ең бірінші еңбектің материалдық нәтижесі қызықтырады. Қызметкердің жұмысқа жан-тәнімен беріле, белсене кіріскендігін, олардың жұмыстан қатты шаршағанын жақсы көреді. Аумалы-төкпелі, жауапсыз адамдарды жек көреді. Сараңдау, бірақ көңіл-күйі жақсы кезде материалдық қолпаштау көрсете алады. Есіңізде болсын, ол айтқанынан қайтпайтын қырсық, қисайған жағынан тұрмайтын қыңыр, тоқтау сөзге құлақ аспайды. Барлық нәрсені ішіне түйіп жүреді же, жинала келе тығыны атылған күні ешкімге дес бермейді. Мұндай басшымен қарым-қатынаста салмақтылық пен ұстамдылық танытыңыз. Өз күшіңізге толық сенетініңізді көрсетіңіз және үздіксіз еңбек етіп, жақсы жағынан көрінуге талпынып жүрген секілді ой қалдыруыңыз қажет.

Егіздер

Сіздің ұжымыңызды егіздер жұлдызында туылған адам басқаратын болса, үнемі жұмысқа кешігіп келетін болады. Мұндай басшүы өзінің бояма ымырашылдығымен ерешеленеді және қызметкерлерімен өмір жайында әңгімелесуге «кет әрі» емес. жиналыс жасағанды жақсы көреді. Өзін ешкім мазаламау үшін қызметкерлерінің бәріне дерлік тапсырма беріп тастайды. Алайда оның орындалуын бақылап жатпайды. Себебі бұл туралы көп ұзамай-ақ ұмытып кетеді. Тек анда-санда жұмыс жайында сұрай қалғанда: «Тапсырмаларыңыз орындалу үстінде», - деп жауап берсеңіз жетіп жатыр. Бұл жұлдызда туылған басшыға өмірді шексіз сүйетініңізді, шешендігіңізді көрсетіңіз, сонда қызмет сатысында өсу сізге түк те емес.

Шаян

Шаян жұлдызында туылған адам басшыңыз болса, онда оның іс-әрекетінде жұмсақтық, сыпайылық, кейде тіпті сиқырлы әдептілік  есіп тұратынын аңғаруға тиіссіз. Солай бола тұра ол өте кекшіл, өкпені ұмытпайтын, айтқан сөзді қағып алатын, ашуланғанда алдыңызда қауіпті адам тұрғанын ұмытпаңыз. Ол қоластындағылардың құпия әрекетерін білуге құмар. Психологияны өте жақсы меңгергендіктен өзіне керек кез-келген көңіл-күйді жасап ала қояды. Әріптестеріне «әке» болғанды ұнатады. Оны қызметкерлерінің мәселелері, жеке басына қатысты жағдайлары да қызықтырады. Жұмысқа жеген адалдықты бағалап, қызығушылық пен талпыныс танытқандарды қолпаштауға дайын. Ол үшін идеологиялық және патриоттық ұстаным маңызды. Мұндай басшымен қарым-қатынаста алдап түсіремін деген ойдан аулақ болыңыз, керісінше ойыңыздың терең екендігін көрсете біліңіз.

Арыстан

Арыстан жұлдызды бастыққа өтірік кеңпейілділік, тайға таңба басқандай көрініп тұратын жеке басқа табынушылық және қоластындағылардың үнемі қолдап-қолпаштап отыратындығын қалайтын мінез тән. Мұндай жұлдыздағы басшы қызмет бабын қысылмай пайдалана отырып өзінің жеке басындағы мәселелерді (оның ішінде жақын қарым-қатынасты да) шешіп алудың еш ерсілігі жоқ деп есептейді. Бұл басшығы биліктің сыртқы көріністері маңызды, яғни кең кабинет, ерекше салмағы бар тақырып, есік алдына мықты көлік, әдемі де ұзын бойлы хатшы қыз. Себебі жұмыс оған қызық емес, сондықтан қоластындағылар өздерін еркін сезінеді. Ол қызметкерлерінің не істеп, жатқандығына, басқа да ұсақ-түйекке мән бере бермейді. Алайда қызметкерлерінің олпы-солпы болып жүргенін қаламайды. Оған әдемі әрі сәнді киінетін қызметкерлер ұнайды. Мейірімді болғанымен өте өзімшіл. Басқалардың қажеттіліктері оны мүлде қызықтырмайды, сол себепті одан көмек күтудің аса қажеті жоқ.

Бикеш

Бикеш жұлдызындағы басшыны қоластындағылар онша ұната бермейді. Себебі бұл жұлдызда туылған басшы барлық жағынан керемет болып көрінгісі келеді. Сол үшін қызметкерлерінен өз міндеттемелерін мүлтіксіз, мінсіз орындалуын талап етеді. Ол өз ісінің шебері, алайда өте ұсақшыл. Жеке өміріне қатты көңіл бөле бермейді, бар ойлағаны да, өмірінің мәні де жұмысы. Қызметкерлерінен де соны талап етеді. Жұмысқа кешігіп не сұранып жүретіндерді ұнатпайды. Өзінен дәрежесі төмендермен тәкәппарлана сөйлеседі және сынап қалудың әрбір мүмкіндігін қалт жібермейді. Міндетті түрде қателік тауып алады да, үлкен-кіші демей сол үшін аяусыз жазалайды. Өзі мен қызметкерлерінің арасындағы алшақтық пен айырмашылықты анық білдіреді. Мұндай басшымен қарым-қатынас кезінде тек қолыңыздан келетін жұмысты ғана таңдаңыз және оны дәл уақытында тап-тұйнақтай етіп орындаңыз. Ал сөйлескенде ұстамды да салмақты болыңыз. Сонымен қатар өтініштеріңізді мейлінше азайтыңыз.

Жалғасы бар

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: kartinki24.ru, ru.characters-power.wikia.com
Қосылған күні: 04 тамыз, 13:24
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.