Амандасқанда қолды қатты қысатын адамдардың артықшылығы

Амандасқанда қолды қатты қысатын адамдардың артықшылығы
Фото: Stan.kz

Манчестер университетінің зерттеушілері қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдардың ақыл-ой, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетінін анықтады.

«Мидың денсаулығы мен бұлшық ет күшінің арасында байланыс бары анық байқалады. Ендігі бұлшық еттерді дамытатын әрекеттер, мысалы зілтемір көтеру арқылы миды дамыту мүмкіндігі бар-жоғын анықтауымыз қажет», – дейді зерттеушілер.

Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше, қол қысқанда әлсіздік танытатын адамдар миындағы ақ заттың тығыздығы төмен болады екен. Осылайша, қолды қысу күші арқылы ересек және егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетіндегі өзгерістерді аңғаруға болады.

Stan.kz

А. Қажиев