Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Үйленудің денсаулыққа пайдасы

Үйленудің денсаулыққа пайдасы

Үйленудің денсаулыққа пайдасы

Үйленген және күйеуге шыққандардың денсаулығы бойдақтарға қарағанда жақсырақ болатындығын болжайтын зерттеулер бар.

Мысалы, бойдақтарға қарағанда үйленген және күйеуге шыққан адамдар ұзақ өмір сүреді, оларда инсульт пен инфаркт сирек кездеседі, депрессияға аз түседі және қауіпті операцияларды жеңіл өткізеді.

Бірақ бұл жолдасыңыз болса болғаны, денсаулыққа байланысты осы мәселелерді автоматты түрде шеше аласыз деген сөз емес. Некеде бақытсыз, отбасыда әрқашан күйзелісте болатын адам, керісінше, өздерін айналасында жақындары мен достары бар бойдақтардан да жаман сезінеді. Бір қызығы, үйлену әйелдерге қарағанда ерлердің денсаулығына көбірек байланысты екен.

Жақында Англияда өткізілген зерттеуге инфаркттан аман қалған 25 000 адам қатысқан. Зерттеу нәтижесі бойынша, үйленген немесе күйеуге шыққан адамдардың тірі қалу мүмкіндігі жалғыздарға қарағанда 14%-ға жоғары болған. Бұл зерттеу бойынша, неке мен инфаркттан кейінгі жақсы көңіл күйдің арасында қандай да бір байланыс бар екенін білеміз.

Мұндай байланыстар неге қатысты екендігін анықтау үшін ғалымдар зерттеулер жүргізуде. Мынадай айқын теориялар да бар:

- Иммунды жүйенің жұмыс істеуі. Зерттеулер бойынша, бақытты қатынастағы адамдардың бақытсыздарға қарағанда иммунды жүйесі күшті болады екен. Некедегі адамдарда жалғыздарға қарағанда кортизол гормоны аз мөлшерде бөлінеді. Ал кортизол деңгейі әдетте, күйзеліс деңгейін көрсетеді. Кортизолдың жоғарғы деңгейі иммнуды жүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін.

- Адамдардың үйленгеннен немесе күйеуге шыққаннан кейін жүріс-тұрысы өзгереді. Некедегі адамдар бойдақтарға қарағанда орта есеппен, тәуекелге аз барады, жақсырақ тамақтанады және салауатты өмір салтын ұстануға тырысады.

- Некедегі адамдардың жан денсаулығы жақсырақ. Төмен әлеуметтік қолдауды депрессияның жоғарғы деңгейімен және жалғыздықпен байланыстырады. Ол өз кезегінде денсаулыққа әсерін береді.

Отбасы – қандай жағдай болмасын, бір-біріне сеніп, «қанат» сыйлайтын және әрдайым қолдау беретін жандардан тұрады. Сол қолдаудың, өзіңіздің біреуге керек екеніңізді білудің және сізді жақсы көретін адамдардың барын сезіну – жан-дүниеңізге тыныштық сыйлайды. Жақын жандарыңыздың амандығын, күлімдеген жүздерін көре жүру – денсаулығыңызға жағымды әсер беретінін ешбір ғылым дәлелдемей-ақ, ішкі дүниеміз сезетін жағдайлардың бірі.  

4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Турар Мусин
Қосылған күні: 26 ақпан 2018, 16:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.