Ерлер білу керек 5 нәрсе

Ерлер білу керек 5 нәрсе
Фото: vk.com

Ер азамат – елдің сөзін сөйлейтін адам. Ер азамат – бір отбасының ұйытқысы. Қалай десек те, ердің алатын орны бөлек. Ерлер қауымы білу керек бірнеше дүниелер бар. Біз солардың бесеуін тізіп көрдік. Оқып көріңіз! 

1. Қалдық ақшаны қалдыра салу.

Мәселен, таксиге отырғанда соңында ұсақ ақша қалса, алмай-ақ қойыңыз. Сондай-ақ мейрамхана, кафелерге барған кезде де тамақтанып болған соң, аз-маз тиын-тебенді даяшыға қалдырыңыз. Бұл оның еңбегіне, қызмет көрсетуіне берген бағаңыз болсын. Олар да адам. Аздаған тиын-тебен тастап кеткеннен ақшаңыз кеміп қалмайды. Бұл нағыз джентельмендерге тән қасиет. 

2. Үйге тазалық жұмысын жүргізу. 

Бұл тек әйелдерге ғана тиесілі жұмыс емес. Қолыңыздан келсе, жарыңызға яки анаңызға, қарындасыңызға, әпкеңізге көмектесіңіз. Жарыңыз еден жууға кіріссе, сіз үйдегі теледидардың, т.б. техникалық құралдардың шаңын сүртіңіз. Одан сіздің еркек атыңызға дақ түспейді. Керісінше, алғыс арқалайсыз әрі тазалық жасағаннан адам ләззат алады. 

3. Көліктің дөңгелегін ауыстыра білу. 

Ерлердің көпшілігі көлік айдайды. Көлік болғаннан соң бұзылмай тұрмайды. Жолда келе жатып, әлдебір бойжеткеннің дөңгелек ауыстырып жатқанын елестетіп көріңізші. Әрине, оның өз көлігі, өзі жөндеу керек дерсіз. Бірақ, сіз ер адам ретінде тоқтап, дөңгелегін ауыстыруға көмектесіп жіберсеңіз, оның сізге және жалпы ерлерге деген құрметі артады әрі сол бойжеткеннің есінде қаласыз. 

4. Галстук байлай білу. 

Біреумен іскерлік кездесуге, тойға, әр түрлі жиындарға барғанда классикалық үлгіде киінуге тура келеді. Әрине, галстук сізге ерекше көрік сыйлайды. Сондай уақытта асығатын сәттер болады. Мұндайда галстукты тез әрі әдемі байлай білген жақсы. 

5. Күйзеліспен  күресе білу.

Күйзеліске кез келген уақытта түсеміз. Ең дұрысы – шамаңыз жеткенше күресу. Сізге бұл жұмыс және жалпы өмір үшін қажет. Жұмыстағы стресстік жағдайлар аз болған сайын, күндеріңіз бен сағаттарыңызды мұқият ойластырыңыз. Бұл уақыт өте жақсы әдетке айналады. 

Джентльмен болу сіз ойлағаннан оңайырақ. Тек іске асыру керек. Бұл осымен ғана шектелмейді. Біз маңызды деген бірнешеуін тіздік. Ал, сіз бұл тізімге тағы не қосасыз?

Ж. Жұмағұлов