- Негізгі бет
- Психология
- Ерлер жайлы дерек...
Ерлер жайлы дерек
Еркектің әйелге қарағанда логикалық ойлау деңгей жоғары екені белгілі. Олар табиғаттың жаратылысынан салмақты, байсалды келеді. Ал, нәзік жандылар қауымы көбіне эмоцияға ерік беріп, белгілі бір қиындықты дау-дамаймен, айқай-шумен шешуге жақын. Назарларыңызға, еркектердің өзі түгілі әйелдер де мән бере бермейтін ер азаматтар қауымы жайлы ақпараттар ұсынамыз.
• Сол қолмен жұмыс істеуге дағдыланып кеткен еркектер дәл сондай солақай әйелдерден 3 есе көп;
• Адамның ішкі жан дүниесіне үңіліп, белгісіз адамды сұрқына қарап қандай пенде екенін табу тапсырмасын орындауда еркектер осалдық танытады. Мұндай сынақта нәзік жандылар еркекті шаң қаптырады;
• Еркектің тамырындағы қан әйелдің бойындағы қаннан 15 пайызға қою;
• Еркектің миы әйелдікінен үлкен. Есесіне, әйелдің иммунитеті еркектікінен мықты;
• Еркектер әйелдер сияқты төзімді емес. «Қыздың қырық жаны бар» деген мәтел осыған дәлел;
• Еркектер өз ғұмырында әйелдерге қарағанда көп жараланады;
• Олар өздерінің әр шешімін сенімді, ешқандай да күмәнсіз қабылдайды;
• Еркектер әйелдер сияқты киімге, сәнге мән бермейді. Қонақтыққа бара жатып, әйелдер сияқты басқа бір еркек дәл менікіндей киім киіп келеді деп уайымдамайды;
• Олар дүкен сөрелерін кезіп, киімді арнайы барып сатып алғанды ұнатпайды.
Бұл еркектің бойындағы біз күнделікті өмірде мән бере бермейтін қылықтар мен әдеттер. Мүмкін сіздің де алып қосарыңыз бар шығар. Еркектің бойынан тағы қандай айтарлықтай қасиетті байқайсыз?
А. Қажиев