- Негізгі бет
- Психология
- Ерлер тәжірибесі ...
Ерлер тәжірибесі
Ер азаматтың басына не келіп, не кетпейді. Ол отбасындағы небір жағдайларды, қиындықтарды, әртүрлі мәселелердің барлығын шешетін адам. Ер азамат болудың көптеген артықшылықтары бар. Өмірде түрлі жағдайлар орын алып жатады. Ерлер тәжірибесінен бірер кеңесті оқи отырыңыздар.
1. Ешкімге сіздің жеңісіңіз бен жеңілісіңіз қызық емес. Мұны сезініп, бағалайтын адамдардың саны шектеулі.
2. Өмірді бірнеше рет жаңа парақтан бастайсыз. Ол бақытты немесе бақытсыз шақтарыңызды құрайтын бірнеше бөлімдерден тұрады. Ертеңгі болашағыңыз жинаған тәжірибе мен білімге байланысты болмақ.
3. Жақсы немесе жаман адам деген түсінік болмайды.
4. Өмірде бәрін шынайы қабылдаудың қажеті жоқ. Қатты қыстығып жылайтын сәттерде де жай ғана жымиюға тура келеді.
5. Қорқыныштарды ұмытуға міндеттісіз. Өйткені, олар алға жылжуға үнемі кедергі келтіреді.
6. Қалай ақша табуды үйренуіңіз керек. Бұл тәжірибе мен білім алуға көмектеседі. Ақшасыз толық бақытты бола алмайсыз.
7. Барлық әйелдердің ақшаға деген қызығушылығы бар екенін түсіну керек. Қаржы – болашағыңызға деген сенімділік.
8. Қымбат адамдар әрдайым жаныңызда бола бермейді. Әркімнің өз жолы бар. Сондықтан уақытша адамдарды еш өкінішсіз жібере білген дұрыс.
9. Ешқашан өз отбасыңызды ұмытпаңыз. Ең жақыны – отбасыңыз.
10. Кез келген адаммен қарым-қатынас жасаңыз. Әрдайым әлденені үйреніп отырыңыз. Әйтпесе, біреудің көлеңкесінде қалып қоюыңыз ғажап емес.
11. Өзіңізге ұнамайтын іспен айналыспаңыз. Оның ешқандай мағынасы жоқ.
12. Денсаулықты ешқашан сатып ала алмайсыз. Егер сіз отыз жастан кейін спортпен айналыспасаңыз, онда көп ұзамай айнадан қарт адамның бейнесін көресіз. Қанша ғұмыр кешетініңізді Құдай біледі, бірақ ең кемі 100 жыл өмір сүруді ойлаңыз.
13. Бақытты тек әйелге, жұмысқа және басқа жағдайларға байланыстырудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан бақытты бола аласыз.
Ж. Жұмағұлов