- Негізгі бет
- Психология
- Ерді әйелден айрықшаландыратын...
Ерді әйелден айрықшаландыратын аксиома
Ер адам мен әйел адам жаратылысы мүлде екі бөлек. Олар бір-бірін түсінуі үшін қай кезде қандай эмоция, қандай реакция көрсететінін жаттап алуы керек. Ер адамды тану үшін оның өзіне тән ерекшеліктерін айта кетейік.
Егер бір нәрсе олардың жоспарлағанындай, ойлағанындай болмай қалса, әлдебіреу жолына тұрса немесе өмір сүруді үйретсе, ашуы қозады.
Егер әлдекім олардың жеке кеңістігіне кірсе, әсіресе ол әйел адам болса, ызаланады.
Біреу одан мықты болып кеткенін, әсіресе әйел адамның өзінен басым түскенін байқаса, қаһарланады.
Қосымша қаражат табуға не жетістікке жетуге мүмкіндік туса, қызығушылық танытады.
Баласы не келіншегі қамқорлық танытса, еркелетсе, уақытша бала болып кетеді.
Ойламаған жерден жолы болып кетсе, ерекше қуанады.
Оған тамсана қарап, мақтап қойсаңыз, мықтылығын мойындасаңыз, ләззат алады.
Ал оның күшін, құзіретін мойындамасаңыз, елемей қойсаңыз, керісінше, ренжиді.
Ең жақын жанын жоғалтып алудан ғана қорқады.
@. @assel_assanova