Біз қайта татуласу үшін ренжісеміз

Біз қайта татуласу үшін ренжісеміз
Фото: amur.kz

Адам баласы болғаннан кейін өмірде түрлі жағдай орын алады. Бәріне тікелей адамның өзі әсер етеді. Анығын айтқанда оның қасиеттері, мінезі. Мәселен, ұрысамыз, ренжісеміз, қуанамыз. Ал бұлардың бәрі қасыңдағы адамдарға да әсер етеді.

Біз кешірім сұрау үшін кінәлі боламыз

Кез келген адам қателеседі. Ешкім идеал емес. Бәрінің бір жерден қателесуі мүмкін. Бірақ қателік жасалған соң міндетті түрде кешірім сұраймыз. Бұл адамның қанында бар қасиет. Тек кешірім сұрамайтын адамдар болуы мүмкін, олардың табиғаты басқа.

Біз қуану үшін жылаймыз

Өмір болған соң құлайсыз, жығыласыз, жылайсыз. Бірақ бәрінің артынан бір қуаныш бар. Ол қуанышты біз асыға күтеміз. Біз шынайы қуаны үшін жылаймыз. Алма-кезек дүниенің ағысы сізді бір жылатып, бір күлдіреді.

Біз бақытты болу үшін қиналамыз

«Бақыт» басқа келіп қонатын құс дейміз. Бірақ күнделікті өмірде қарапайым кептерді өзіңзіге үйрету үшін оған жем бересіз, үйретесіз. Дәл сол секілді бақытты болу үшін түрлі қиындықтарға тап боламыз. Бақыт сонысымен ерекше және тәтті. Сондықтан ешбір қиындықсыз бақытқа кенелу күдік тудыратын дүние. Әр сәттің қадірін білу арқылы бақытқа қол жеткізуге болады.

Біз жеңіске жету үшін жеңілеміз

Жарыста, спорттық мансапта кез келген білікті маман не спортшы жеңеді және жеңіледі. Үнемі жеңіс сізді құлдырау шегіне алып келеді. Сондықтан қайта тұрып, жеңіске ұмтылу үшін жеңілеміз. Бұл өмірдің және табиғаттың заңдылығы.

Біз ұту үшін ұтыламыз

Бұл сөз тегінде кәсіпкерлерге жақын. Себебі ісін кеше ғана бастаған кәсіпкер бір жыл ішінде байып кетпейді. Оған жемісті еңбек керек. Тіпті шығынға батып ұтыласыз. Бірақ ол ұтылу жоқ болып кету деген сөз емес, ұтуға бастайтын жолдың бірінші баспалдағы.

Біз татуласу үшін ренжісеміз

Ғашықтар арасындағы ұрыс-керістің бәрі дерлік жаман жаққа бастамайды. Кейде ұсақ-түйекке болсын ренжісіп қалу, сіздің махаббатыңызды берік етуі мүмкін. Себебі ренжіскен адам қайта татуласуға тырысса бұл нағыз сезім. Сондықтан болар махаббат майданында біз татуласу үшін ренжісеміз.

Сіз дәл қазір қандай жағдай болмасын өкініп не, қуанып отырған болсаңыз тасымаңыз не қайғырмаңыз. Себебі әр істің қарама-қарсы жағы бар.

Біз жақсы өмір сүру үшін армандаймыз!

М. Ақан