- Негізгі бет
- Психология
- Ер адамның қоғамдағы...
Ер адамның қоғамдағы этикеті
Этикет негіздері айтарлықтай күрделі дүние емес. Бұл – сөйлеу мәдениеті, сыпайылық, әсемдік және өз эмоциямызды билей білу. Бұның бәрі әйелдерге де, ерлерге де ортақ заңдылық.
Қазіргі заманда білуге тиіс әдептілік ережелерін алдарыңызға ұсынамыз:
– Мейрамханаға ер адам бірінші болып кіруі тиіс. Бұл арқылы метрдотель (мейрамханадағы бас даяшы) тамақтануға шақырған адамның кім екенін және кім төлейтінін біледі. Бірақ, егер есіктің алдында швейцар (есік күзетшісі) күтіп алса, ер адам әйел адамды өткізіп жіберуі керек.
– Әйел атаулыға рұқсатынсыз қол тигізбегеніңіз жөн. Қолын алып, әңгіме кезінде қолыңызды тигізіп, итеріп немесе шынтақтан жоғары ұстамаңыз. Тек қана жолдан өтетін кезде немесе көлікке кіріп-шығу кезінде рұқсатынсыз қолынан ұстап көмектесуіңізге болады.
– Егер сізді біреу тұрпайы түрде шақырса («Әй! Оу!» деп) оған қарамағаныңыз, жауап бермегеніңіз жөн. Алайда, оған дәріс оқып, әдептілік сабағын беріп, тәрбиелеудің қажеті жоқ. Одан да үнсіз ғана сізді үлгі ретінде көретіндей етіп өзіңізді ұстағайсыз.
– Әтірді себу кезінде көп сеуіп жібермеуге тырысыңыз. Егер кешкі уақытта әтіріңіздің иісін сезсеңіз, онда айналаңыздағы адамдар тұншығып жатқанына күмәнданбаңыз. Бір-екі рет себуіңіз де жетерлік.
– Тәрбие көрген ер жігіт әйел адамға құрметпен қарай біледі. Басқаша көзқарас ондай ерде болмайды.
– Әйел адамның қасында ер адамдар тек рұқсатпен темекі шегеді.
– Бір жерге кіргеніңізде дәрежеңіз қандай болса да (бастық, академик, үлкен кісі не оқушы) бірінші болып амандасуға тиіссіз.
– Сәнді қуып жетуге тырыспаңыз. Өзіңіздің талғампаздығыңызды тәрбиелеңіз. Стиль атаулыны тапсаңыз, сәнге қарай киіну оңай болады.
– Егер бір ағаттық жіберіп, ренжіткен адам сізді кешірген болса, сол мәселені қайта қозғап, қайта кешірім сұраудың қажеті жоқ. Болашақта ондай қателіктерді жібермеуге тырысыңыз.
– Қоғам ортасында жүріп қатты күлу, дауыстап сөйлеу, есіру және жұртқа безеріп қарау – әдепсіздік екенін есте сақтап жүріңіз.
– Жақындарыңызға, туыс-тумаларыңыз бен достарыңызға алғыс айта біліңіз. Олардың кез келген жағдайда сізге көмекке келуге дайындығы міндет емес, сезім білдірушілік, бауырмалдық деп түсініңіз және бұл рақмет айтуға тұрарлық екенін ұмытпаңыз.
Г. Берік