Елу-ақ мүлікпен өмір сүретін адам

Елу-ақ мүлікпен өмір сүретін адам
Фото: daily.afisha.ru

Йохаим Клекнер – 68 жастағы зейнеткер. «Ең кішкене үнемшіл» кітабының авторы. Берлинде тұрады. Оның үлкен үйінде елу-ақ мүлік бар. Одан басқа ештеңесі жоқ. Қазір Й.Клекнер аз мүлікпен қалай өмір сүруге болатыны жайлы блог жүргізіп, лекциялар оқиды. Сонымен жақынырақ таныс болайық.

«Ең бірінші үнемшілдік туралы, артық заттан арылу туралы ой маған 1986 жылы келді. Мен өз күшіммен үй жиһаздарын жасай бастадым. Ең қызығы оларды шағын қылып жасап, айналамдағы адамдарға тегін көмектескім келді. Екінші бір себеп, сүйіктіммен айырылысу болды. Осыдан кейін мен екі жыл тұрған үйімді сатып, көлігіме отырып кете бардым. Бір сәт ойланып қарасам, сол кезде үйден ештеңе алмаппын, тек қана суда жүзуге арналған құрылғым ғана болған. Көлік ішінде отырып өмірдің кеңдігіне көзім жетті.

Қазір менің жанымда елу-ақ мүлік бар. Көшсем оңай көшуге болады. Екі пар шұлық, екі пар аяқ киім, екі пар жейде, екі пар шалбар деген секілді заттар. Біреуі жаздық, біреуі қыстық. Басқа ештеңе жоқ. Әр киімдерді арнайы дүкендерден аламын. Себебі бәрін бірге жуа аламын. Бір-біріне түстері сіңіп кетпейді.

Менің ең құнды мүлкім және мен бас тартпайтын зат – планшетім. Мен оның көмегімен кітап оқимын, музыка тыңдаймын және блог жазып, лекция жүргіземін. Ұялы телефонсыз да тағы жүре алмаймын. Бұлар негізгі қажеттіліктер. Менің табысым зейнеткер ретінде берілетін зейнатақым мен гонорарлар. Қазір менің блогтарым мен лекцияларыма Австрия, Швейцария және Германия елдеріндегі адамдар қызығушылық танытып отыр.

Мен іштей өзіме мына сұрақты қойдым: «Неге адамдар артық заттардан арылып өмір сүре алмайды, бәлкім бақыт сонда шығар?». Ақыры жауабын таптым. Жауабын табу үшін мен нейромедиатр саласы бойынша іздендім. Тапқаным мына үші ілім: дофамина, серотонима,  окситоцина. Бұл үшеуі адамның ішкі жан дүниесімен жұмыс жасайды. Аталған үш бірдей гармон адамға күш беріп, оның бақытты болуына септігін тигізеді.

Адам артық мүліктен арылу керек. Жаңа дүниеге қызғып сатып ала берудің де қажеті жоқ. Себебі зерттеу нәтижесінде адамның сатып алатын затына қызығушылығы 8 секунд.

Адам баласы сонау ғасырдан бері бақытқа жетудің үш сатысын басынан кешіп келеді. Француздар еркіндік, теңдік, ағайын деп қарастырса, арабтар бірлік, абырой, жұмыс дейді.

Егер менен ақыл сұрасаңыз, ол мынау: қажетсіздікті кішкене заттан бастаңыз. Адамдардың бәрінде жыл бойы пайдаланбайтын заттар бар, тіпті көп. Сондықтан олардан арылыңыз. Ең құрығында сатыңыз не сыйға бере салыңыз. Сіз де бақытты боласыз, олар да қуанып қалады». 

М. Ақан