- Негізгі бет
- Психология
- Өзін-өзі бағалау деңгейін...
Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға арналған тест
Сұрақтарға жауап беріп, ұпай сандарын қосыңыз.
1. Сізді бір нәрсені істеу немесе айту керек емес еді деген ой жиі қинайды ма?
а) өте жиі — 1 ұпай;
б) кейде — 3 ұпай
2. Егер сіз жайнаған және тапқыр адаммен қарым-қатынас жасасыңыз, сіз:
а) оны тапқырлықта жеңуге тырысасыз — 5 ұпай;
б) сайысқа кіріспейсіз, тек оған тиесіліні бересіз және әңгімеден шығып кетесіз — 1 ұпай.
3. Өзіңізге ең жақын ой-пікірдің бірін таңдаңыз:
а) көпшілігіне сәттілік болып көрінетіндер, негізінде, қажырлы еңбектің нәтижесі — 5 ұпай;
б) жетістіктер көбінесе бақытты жағдайлардың тоғысуынан болады — 1 ұпай;
в) қиын жағдайда бастысы – қажырлық немесе сәттілік емес, мақұл көретін және жұбата алатын адам — 3 ұпай
4. Сізге сіз жайлы келеке немесе әжуа-сықақ көрсетті. Сіз:
а) сізде қандай да бір біртумалық бар екеніне, қуанасыз және күлесіз — 3 ұпай;
б) сіздің серіктесіңізден қандай да бір күлдіргіні табуға және масқаралауға тырысасыз — 4 ұпай;
в) ренжисіз, бірақ түр білдірмейсіз— 1 ұпай.
5. Сіз үнемі асығып жүресіз, сізге уақыт жетпейді немесе бір адам орындауы мүмкіндігінен жоғары тапсырмаларды аласыз?
а) ия — 1 ұпай;
б) жоқ — 5 ұпай;
в) білмеймін — 3 ұпай.
6. Сіз құрбыңызға сыйлыққа иіссу таңдайсыз. Сатып аласыз:
а) сізге ұнайтын иіссу — 5 ұпай;
б) сізге өзіңізге ұнамайтын, бірақ құрбыңыз қуанады деп ойлайтын иіссу — 3 ұпай;
в) жақында телебағдарламадан жарнамалаған иіссу.
7. Сіз өзіңізді өмірдегіден мүлде басқаша көрсететін, өзіңізге әр түрлі жағдайларды елестеткенді ұнатасыз?
а) ия — 1 ұпай;
б) жоқ — 5 ұпай;
в) білмеймін — 3 ұпай.
8. Сіздің әріптестеріңіз (әсіресе жастар), сізге қарағанда көптеген жетістіктерге жеткеніні намысынызға тие ме?
а) ия — 1 ұпай;
б) жоқ — 5 ұпай;
в) кейде — 3 ұпай.
9. Біреуге қарсылық көрсету сізге ләззат әкеле ме?
а) ия — 5 ұпай;
б) жоқ — 1 ұпай;
в) білмеймін — 3 ұпай.
10. Көзіңізді жұмыңыз және 3 түсті елестетуге тырысыңыз:
а) көк — 1 ұпай;
б) сары — 3 ұпай;
в) қызыл — 5 ұпай.
Ұпайларды есептеу
50—38 ұпай. Сіз өзіңізге ризасыз және өзіңізге сенімдісіз. Сізде адамдарға үстемдік ету талабыңыз көп, өзіңіздің «меніңізді» көрсеткенді, өзіңіздің ойыңызды жекелегенді ұнатасыз. Сізге сіз туралы не айтатындары бәрібір, бірақ өзіңіз басқаларды сынауға бейімсіз. Сіздің ұпайыңыз неқұрлым көп болғанымен, сізге соқұрлым мынадай анықтамалар сәйкес келеді: «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, бірақ басқаларды жақсы көрмейсіз». Бірақ сізде бір жетіспеушілік бар: өзіңізге тым байсалдылықпен қарайсыз, ешқандай сыни ақпаратты қабылдамайсыз. Егер сізге тест нәтижесі ұнамаса, сіз «барлығы алдайды» дегенмен «қорғанасыз». Өкінішті...
37—24 ұпай. Сіз өзіңізбен татулықта өмір сүресіз, өзіңізді білесіз және өзіңізге сенесіз. Жеке сипатта да, адамдармен өзара қатынаста да қиын жағдайлардан бағалы шеберлікпен шығуды білесіз. Сіздің өзіңізге және айналадағыларыңызға деген қатынастың формуласын мынасөздермен жеткізуге болады: « Өзіме ризамын, басқаларға да ризамын». Сізде қалыпты өзіндік бағалау, сіз өзіңіз үшін тірек және күштің қайнар көзісіз, және бастысы біреулердің есебінен емес.
23—10 ұпай. Сірә, сіз өзіңізге риза емессіз, өзіңіздің зерделілігіңізге, қабілетіңізге, жетістіктеріңігге, өзіңіздің сыртқы түріңізге, жасыңызға, жынысыңызға қанағаттанбаушылығыңыз бар және сізді күмән азаптайды... Тоқтаңыз! Кім айтты өзін-өзі жақсы көру жаман деп? Кім иландырды сізді, ойлампаз адам, үнемі өзіне риза болмауы керек деп? Әлбетте, ешкім сізден масаттанушылықты талап етпейді, бірақ сіз өзіңізді қабылдауды, өзіңізді сыйлауды, өзіңізді осы отта қолдауға тиіссіз.
@. @assel_assanova