Өзін-өзі бағалау. Психологиялық тренинг

Өзін-өзі бағалау. Психологиялық тренинг
Фото: fotooboi-ekb.ru

Өзін-өзі бағалау – өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса, кез келген қиындықтан оңай шыға біледі. Өзін-өзі бағалауы тұрмыстық жағдайға, білім дейгейіне де байланысты болуы мүмкін. Адамның өзіндік «Мені» жоғары болғанда ғана өзін-өзі бағалауы да жоғары деңгейде болады. Ал «Мен» шектен тыс көп болса, тәкаппарлыққа тіреледі.

Тренинг алдында қызықты ақпарат бере кетейік. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары кезінде орыс ғалымы қызықты зерттеу жүргізген. Ол Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан елдерінің қайсысын жарқын болашақ күтіп тұр, қай ел өзгелеріне қарағанда ілгерірек дамиды деген сұраққа жауап іздейді. Зерттеуі барысында мұрағаттарды ақтарып, әр ел президенттерінің толтырған құжаттарында «Мен», «Менің» деген сөз неше рет кездескенін санайды. Сонда бес ел ішінде Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев «Мен ... бекіттім», «Мен ... шешім қабылдадым» деген сөздерді ең көп қолданған болып шығады. Осыған қарап, ғалым: «Қазақстан басқа елдерге қарағанда тез дамиды, басшысы өзіне сенімді» деген болжам жасағанда күмән келтіргендер, күле қарағандар көп болған екен. Алайда зерттеуші көшбасшының психологиясына бойлау арқылы қорытынды жасаған кезде қателеспегеніне өзі сенімді болды.

Енді сіздің өзін-өзі бағалау (самооценка) деңгейіңіз қай шамада екенін анықтау үшін мынадай тапсырма ұсынамыз.

 

Қағазға дөңгелек сызып, он бөлікке бөліңіз. Әр бөлікке адам қажеттіліктерін жазыңыз:

1. Денсаулық;
2. Білім;
3. Ақша;
4. Үй;
5. Мансап;
6. Демалыс;
7. Көлік;
8. Отбасы;
9. Спорт;
10. Бос уақыт.

Суретте көрсетілген ақ түсті бөліктерге бағалауымызды жазамыз. Әр қажеттілік сізде қаншалықты дәрежеде бар? Өзіңіз 1-10 аралығында ұпаймен бағалап шығыңыз. Мысалы, денсаулығыңызда еш ақау жоқ, көңіліңіз толатын болса, 9 ұпай, ал біліміңіз жеткілікті болса 10 ұпай деген сияқты әр бағанды бағалаңыз да, барлығын қосыңыз. Ең көп дегенде 100 ұпай шығуы керек.

Ұпайларды толық жазсаңыз, сақтап қойыңыз. Жауабы ертең шығады. 

Қай бағанды нешемен бағалағаныңызды пікірге жазыңыз, себебін де қоса жазуға болады, қызық болсын!

@. @assel_assanova