Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Қалыңдықтың күйеу жігітке қояр шарттары

Қалыңдықтың күйеу жігітке қояр шарттары

Қалыңдықтың күйеу жігітке қояр шарттары

Сезімнің сәні ұрыс туғызып тұру деп санайтын жастарымыз аз емес. Үнемі тату-тәтті болсақ, күніміз қызық емес деушілер де табылады. Қызық қуам деп, ойыннан от шығарып алмай сезім алауын әрдайым жалындатып жүргенге не жетсін. Ол үшін барлығы түсіністік пен келісімге құралса жеткілікті.

Қыз баласына, әйел затына ең алдымен ерінің ықыласы керек. Оны ақылды ету де, сұлу ету де өз қолыңызда. Үнемі көңіл бөліп, кем дегенде аптасына бір рет сезіміңізді өзгеше жолмен жеткізіп тұрсаңыз, оның сізге де, өзіне де махаббаты арта түседі.

Ұсақ-түйекке араласпаңыз. Қайда, кіммен жүргенін сұрап отыру жанашырлық белгісі ретінде жағымды, әрине. Өз жайыңыздан да хабардар етіп отырыңыз. Алайда есеп беріп-есеп алудың жөні осы екен деп, кірпігіңді неше теңгеге жапсырттың, көршіңмен не деп сөзге келіп қалдың деген сұрақтар қою артық болады. Әр ару өз азаматының «ірі» болғанын қалайды.

Босқа ренжімеңіз. Болашақ жарыңыз болар жан бөтен емес, тіпті бәрінен жақын. Дегенмен анаңызға не әпкеңізге көрсететін еркелікті қалыңдығыңызға танытып, бұртию ер адамға жарасымсыз. Көңіліңізге жақпайтын әрекетін дереу өзіне ашып айтыңыз. Не ұнап-не ұнамайтынын да алдын ала ескертіңіз.

Оның сөзі сізге, сіздің айтқаныңыз оған заң болсын. Бұйрық емес, заң. Бұйрық талқыланбайды. Ал өзара келісімге келіп, заң жасап алсаңыздар, міндетті түрде орындалуы керек.

Орнымен қаталдық танытыңыз. Қазірден жарына сыйлы бола алмаған ер ертең балаларына да тісі батпас. Осыны түсінетін қалыңдық ерінің бос белбеу, болбыр болғанын қаламайды. Барлығын қабақпен ұқтырыңыз.

Ешқашан өтірік айтпаңыз. Өтірік айтпауға алдамау, жасырмау, орынсыз қалжыңдамау ұғымдары да кіреді. 

Жалғасы бар

0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: amur.kz
Қосылған күні: 06 қазан 2016, 05:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->