Адамның кейбір кездері...

Адамның кейбір кездері...

Адам боп жаратылғалы бері адамзат баласы өз болмысының құпия сырларына үңіліп келеді. Адам жаны – тым жұмбақ, тым күрделі. Шексіз ойдың тұңғиығына батқан жан одан шыға алмастай алапат күй кешеді. Сүю, сағыну, жек көру, жалығу, т.с.с. сезімдер адамға тән. Бұл сезімдердің барлығын кешкен, кешіп жүрген жандар өмірді, шебер жаратылысты терең тани түсетіні сөзсіз. Біз сіздерге адамның кейбір кездері кешетін қарапайым да күрделі көңіл күйлерін баяндап көрмекпіз. Бәлкім, осынау түсініксіз сезімдер сіздің жан дүниеңізде де бар шығар.

Адам жан дүниесінде орын алатын 10 сезім:

Кейде, өміріңіздің сыртына шығып, бәрін сырттай бақылап отырғыңыз келеді... 

Кейде, бәрін тастап, басыңыз ауған жаққа қарай кетіп қалғыңыз келеді... 

Кейде, ішіңізде қыстығып қалған сезімдерді шығару үшін бар даусыңызбен қатты айқайлағыңыз келеді... 

Кейде, ешкімді көргіңіз келмей, өзіңізбен өзіңіз қалып жылағыңыз келеді. Сенсеңіз соқыр адам да жылайды... 

Кейде, өз болмысыңыздан қашып, басқа бір адам болғыңыз келеді... 

Кейде, әлдекімді ешқандай себепсіз, еш күмәнсіз сүйгіңіз келеді... 

Кейде, өзіңізге беймәлім жаратылыс жұмбағын шешкіңіз келеді... 

Кейде, адам сенгісіз ерліктерге барғыңыз келеді... 

Кейде, мүлде бейтаныс адамдармен әңгімелесіп, сырласқыңыз келеді... 

Кейде, әлдебіреуге жан дүниеңізбен ақтарылғыңыз келеді... 

Әрине, түңілуге болмайды. Өмірді сүю керек. Өмірдің әр сәтінен, әр мезгілден, әр шақтан ләззат ала білген жанға өмір тамаша! Дүр дүниенің біз білмейтін, біз білмей кететін қаншама жұмбақтары бар...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды