- Негізгі бет
- Психология
- Таңдауыңыз не? (Тест)...
Таңдауыңыз не? (Тест)
Сіздің мінезіңізге және өмірлік көзқарасыңызға сәйкес келетін сөйлемдерді таңдаңыз. Қай цифр көп болса, сол жауап сәйкес келеді.
1 Сіздің ойыңызша, дәстүр, наным-сеніммен жүру іш пыстырады. Оларды бұзу сіздің қолыңыздан келеді.
2 Сүйікті ісіңізге бөгет келтіретін жандар сізге ұнамайды.
3 Уақытыңыздың көп бөлігін жұмыс үстелінде өткізесіз.
4 Ыңғайсыздыққа жиі тап боласыз, бірақ бұл сізге әсер етпейді.
1 Шпаргалка жазу сізге ұнамайды. Ғаламтордан іздеп тапқан әлдеқайда тиімді.
2 Сізге үнемі көңілді жүретін адамдар ұнайды, себебі өзіңіз де көңілдісіз.
1 Соңғы шыққан самртфондарды тез танисыз.
5 Жаңа ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз.
3 Дүкеннен киім емес, суретке арналған жиек, кішкентай жастық, құмыра сатып аласыз.
6 Алда болатын жағдайларға қалай жауап беретініңізді білмейсіз.
5 Өзгелерді ойынан тез айныта аласыз.
7 Өзгелердің сізге көңіл бөлгенін қалайсыз.
2 Сүйікті ісіңізден ажырағыңыз келмейді. Бір бастасаңыз, ішкен асыңызды жерге қоясыз.
6 Шашты жасыл түске бояу сізге ұнайды.
7 Фильм көңіліңізден шықса, басты қаһарманның рөлінде өзіңіз ойнағандай айтып бере аласыз.
4 Әртүрлі қызықты жайттардан құр қалғыңыз келмейді.
5 Анаңыз үнемі бас киім киюді ескертіп отырады. Қысқасы, сізге ескерту айтқан ұнайды.
4 Берген уәдені естен жиі шығарасыз, сондықтан көпшілік сізге сене бермейді.
7 Өміріңізде естен кетпейтін оқиға орын алса, мұны тек күнделігіңізге ғана айта аласыз.
8 Белгілі бір хоббиіңіз жоқ, барлық нәрсені жасап көргіңіз келеді.
6 Көпке жоспарыңызды айта бермейсіз, нәтижесін көрсетесіз.
8 Таңертең – би, күндіз – жұмыс, кешке – теннис, демалыс күндері – тамақ әзірлеу. Мұның бәріне қалай үлгеріп жүрсіз?
5 Күн тәртібімен жүру – заңдылық.
8 Достарыңыз бас қосып жиналса, бәрі сіздің ұйымдастыруыңызбен өтеді.
3 Сіздің жұмыс үстеліңіз сүйкімді ойыншықтармен, естелікке түскен суреттермен толып тұр.
1 Жалғыз өзіңіз саяхатқа шығып кете аласыз.
3 Уақытымен жүру, тазалық, салмақтылық – сізің басты артықшылығыңыз.
8 Көлікті 220 км/сағат жылдамдықпен айдаған сізге ұнайды.
4 Ортаның гүлісіз. Айналаны думанға бөлеп жүресіз.
3 Шыдамдысыз.
2 Өзіңізге ұнайтын жұмысты ғана жасағыңыз келеді.
7 Сізге біреудің гүл сыйлағанын ұнатасыз. Олар солып кетсе де, романтикаға толы болған ұнайды.
2 Сіздің кітап сөреңіз кітаптаран сынып кетейін деп тұр.
6 Сіздің жасаған тірліктеріңіз өзгелерді қатты қызықтырады, себебі ешкімнің ойына келмеген
1 Жаңа дүниелерге жай икемделесіз.
6 Қандай маман иесі болатыныңыздығы әлі анықтамадыңыз. Сізге бәрі іш пыстырарлықтай көрінеді.
5 Сіздің сөмкеңізде дәрі, күннен қорғайтын көзілдірік, қолшатыр, аяқ киім тазалағыш, артық қалам және медициналық пластырь жүреді.
7 Кішкентай сіңліңізбен ойыншықтар дүкеніне барғанда өзіңізге де ойыншық ала шығасыз.
8 Жетістікке өз бетіңізбен жету – өмірдегі басты құндылығыңыз.
Г. Берік