- Негізгі бет
- Психология
- Күз де келді...
Күз де келді көңілге бір мұң сыйлап - 2
Жұмыстың салдарынан болатын күйзелістің арқасында ешнәрсеге уақытымыз жетпей, көп істі кейінге қалдырамыз. Тәуліктегі 24 сағат азаймайды я көбеймейді. Сондықтан біздің бір ғана амалымыз бар. Ол – күн тәртібін ретке келтіру.
Бір іспен шұғылданып отырып, келесісіне өтіп кетпеңіз. Мысалы, күні бойы поштаңызды тексере берудің қажеті жоқ. Оған арнайы уақыт бөліп, сол белгіленген уақытта ғана қараңыз.
Жұмысты аяқтаңыз. Басқа бір іспен айналыспас бұрын, бастаған ісіңізді бітіріңіз.
Ертеңге қалдырмаңыз. Үлкен әрі қиын істі бастау үшін батылдық жетпеуі мүмкін. Кейде тіпті оның орнына жеңілірек іспен айналысамыз. Бірақ бұлай жалғаса беретін болса, сіздің жағдайыңыз тек қиындай түсетінін ұмытпаңыз.
Арасында міндетті түрде тынығыңыз. Жұмыстан бас алмайтын адамдардың денсаулығы нашарлап, өзіне қараудан бас тартады. Артынша қатты ауырады. Сондықтан жұмыс арасында үзіліс жасап, сыртқа серуендеп қайтыңыз.
Жұмысыңыз қызықты болсын. Біз өзімізге ұнайтын іспен айналысқан кезде уақыт зымырап, шаршағанымыз білінбейді. Істеген жұмысымыздан ләззат аламыз. Өмір тым қысқа. Неге өзімізге ұнайтын іспен айналыспасқа?
Мүмкіндіктеріңіздің шегін біліңіз. Тәртіпті, еңбекқор адамды барлығы да жақсы көреді. Әсіресе бастығыңыз. Бірақ сіз бар уақытыңызды жұмысқа арнауға міндетті емессіз. Құстай зымырап өтіп жатқан жастық шағыңыз туралы не айтасыз?
Есіңізде болсын: сіз ешкімге ешнәрсе міндетті емеспіз! Өзіңіздің алдыңызда бір ғана міндетіңіз бар. Ол – бақытты болу.
Жалғасы бар...
Қ. Бүйенбай