Қырық жастағы жігіттің жиырмадағы бозбалаға айтқаны #2

Қырық жастағы жігіттің жиырмадағы бозбалаға айтқаны #2
Фото: Queen`s studio

Талай қиындық пен сынақтан өтіп, мол тәжірибе жинаған ер азамат жастарға қандай кеңес бере алады?

Басы

6. Абырой мен намыс туралы ұмытпаңыз. Өз сөзіңізді дұрыс деп білсеңіз, ештеңеден қорықпаңыз. Біреудің көңілі, жайлылығы үшін өз пікіріңізге қарсы шығу дұрыс емес. Қайсар мінезіңізді сақтауға тырысыңыз.

7. Адамдарды сыйлаңыз. Өмір жолында алдыңыздан түрлі адамдар шығады. Сыйластық пен құрметке тұрмайтын да адамды сыйлауға тырысыңыз. Қоршаған ортаға деген сыйластық – қайратты адамның қасиеті.

8. Ешқашан күйгелектенбеңіз. Сыпайылық пен сабырлық - табысты адамға тән қасиеттер. Олар бизнесте де, жеке өмірде де қажет болады. Қандай мәселе болмасын, күйгелектеніп, ашуланбаңыз.

9. Керек емес нәрселерге ақша жұмсамаңыз. Үнемдеуді үйреніңіз. Тіпті көптеген нәрсе сатып алуға мұршаңыз болса да, ақша жинауға тырысыңыз. Бұл сараң, есепқор болу керек деген сөз емес. Бір нәрсе алудың алдында өзіңізден «Бұл зат маған расында да қажет пе?» деп сұрап үйреніңіз.

10. Жұмысқа жауапкершілікпен қараңыз. Табысқа жету жолында талай қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Бастапқыда табысы аз жұмыс істеуге мәжбүр боласыз. Алайда ондай жұмысты да жауапкершілікпен атқару керек. Мықты кәсіпкер, маман болған адам өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын байқадыңыз ба? Осы қасиетті өз бойыңызға сіңіріңіз.

Жалғасы

Ф. Абилова