Жігіттердің ашуланған кездегі сөзі

Жігіттердің ашуланған кездегі сөзі
Фото: amur.kz, Данияр Жанжуманов

Әйелдің қылығы мен әрекеті ерінің көңілінен шықпаған кезде ол ашуға мінеді. Жалпы, ер адамдар көбіне сүйгенінің қай ісіне ашуланады. Осы кезде олар не дейді?

- Көз жаспен бопсалама! Босқа жылаудың қажеті жоқ. Не қалайтыныңды бірден бетіме айт, нүкте қояйық. Тұспалдап түсіндіре алмай отырғаның көрініп тұр. Ешқандай да сылтаудың керегі жоқ. Жаныңа не керек? Соны айт!

- Маған тек мен шеше алатын ғана мәселені айт. Менің көмегімсіз де реттелетін дүниені маған айтудың керегі жоқ.

- «Басым ауырып» тұр деп үнемі менен қашқақтайсың. Осылай деп жүргеніңе 17 ай болды. Тезірек дәрігерге көрінгенің дұрыс! Ендігі ауруың асқынып та кеткен болар.

- Өзіңді толықпын деп сезінсең, демек солай. Оны менен сұрай берудің қажеті жоқ. Менің жауабыма бәрібір қанағаттанбайсың.

- Егер менің бірдеңе жасағанымды не айтқанымды қаласаң, бірден айт. Бірақ біз бұл екеуін бірдей атқара алмаймыз. Не айтамыз, не істейміз. Ал саған соны істеу оңай болып көрінсе, неге маған өтініш жасап тұрсың?

- Христофор Колумбқа да ешкім қайда жүзу керектігін айтқан жоқ. Маған да айтпа!

- Мен сенен «не болды?» деп сұрасам, сен «ештеңе» деп жауап бересің. Міне, сондықтан да мен ештеңе болмағандай жүре беремін.

- Егер екеумізге бірге бір жаққа бару керек болса, қалаған киімді киюіңе болады. Тек менен отыз көйлектің ортасында тұрып, «не киемін?» деп сұрамашы.

- Менің ойлап отырған нәрсемді бөлісіп, сол жайлы қызықты әңгіме айта алмайтын болсаң, менен «не ойлап отырсың?» деп сұрамашы!

А. Әбілхан