Қол алысып амандасу – адамгершіліктің белгісі

 Қол алысып амандасу –  адамгершіліктің белгісі
Фото: tlgtasarim.com

Сәлемдесіп, хал сұрасудың бір түрі – қол алысып амандасу. Қол алысып амандасу – адамгершіліктің негізгі белгісі екені белгілі. Бірақ, ертеде қол алысу «мен қарулы емеспін» деген ишараны білдіргенін көпшілігіміз біле бермейміз. Осы секілді қол алысудың мәні мен сыры жайында қызықты деректерді осы жазбамыздан оқи аласыз.

1. Қол алысудың бастапқы мәні. Қол алысу бастапқыда тек сәлемдесуді ғана білдірмеген екен. Ертеде қол алысу «мен қарулы емеспін» деген ишараны білдірген. 

2. Жай қол алысу мансабыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қол алысудың түрі бар. Ол әр кезде әртүрлі сипатталады. Мысалы, жұмыс барасымен кездесу кезінде алдыңыздағы адамның қолын қатты қыссаңыз, сіз өзіңіздің ашық әрі өз-өзіңізге берік сенімді екеніңізді көрсете аласыз. 

3. Ал нәзік жандылардың қолын алған кезде аса сақтықпен қараңыз. Олар нәзік әрі сезімтал болғандықтан, абай болғаныңыз абзал.

4. Қол алысу арқылы өзіңізге деген қарым-қатынасты қалыптастырасыз. Бір жағынан, мәдениеттілігіңізді көрсететесіз. Өзін үлгілі етіп көрсеткен адамға өзгелер де жақын болғысы келетіні дәлелденген аксиома. 

5. Сол қолды беріп амандасу – қате. Азия және Таяу Шығыс елдерінде сол қол беріп амандасу өрескел көрінеді. Қолы бос болмаған күннің өзінде оң білегін ұсынып, бір-біріне құрмет көрсетіледі. 

6. Қол беріп амандасу екі секундтан кем болмауы тиіс! Қол беріп болмай жатып, қайта жинап алсаңыз, алдыңыздағы адамға өзіңізді тәкаппар етіп көрсетуіңіз мүмкін. Сондықтан, өзіңіз туралы қате пікір қалыптастырмау үшін қолыңызды ұсынған соң, шамамен бір-екі секундтай күте тұрыңыз. 

7. Қол беру кезінде алақаныңыздың жоғары қарауы адалдық пен қабілеттікті танытса, төмен қараған алақаныңыз ұйымдастырушылық пен басқару қабілетіңізді танытады. Ал өзіңіз туралы сыр білдіргіңіз келмесе, қолыңызды тік ұсыныңыз. 

Е. Жұмабайұлы