Балалы болған жігіттің он сипаты

Балалы болған жігіттің он сипаты

Әке болып, төбесі көкке екі елі жетпей жүрген ер азаматтардың кейпі жігіт кездегісінен өзгеше болады. Ендеше, біз бүгін сіздерге әке болған жігіттердің он сегіз сипатын санамалап айтып бермекпіз. Сіздер де салыстыра, қосыла отырыңыздар.

* Олар жұмысқа кеткенде енді үйде жатқан кішкентай жүректің иесі де күтетінін ойлап тыным таппайды. Көбіне сыртта бос уақыт өткізгеннен баласының иісін иіскеп ұйықтағанды дұрыс көреді;

* Олар баласының жүзіне қарап жатудан жалықпайды. Үйге қай уақытта келсе де, баланың ұйықтап жатқанына қарамастан бір иіскемей өзі де ұйқыға кетпейді;

* Олар ұйықтап жатқан баласын құшақтап немесе жүзіне мұрнын тақап жатқанды жақсы көреді. Жаңадан өмірге келген мына бір жаратылыстың дем алып пысылдап жатқанын қызық көреді;

* Олар баласының кішкентай қолдары мен аяқтарына қызығып, қайта-қайта ұстап көреді. Перзентінің тамырында өзінің қаны ағы ағып жатқанын ойласа, тіпті қуанышы кеудесіне сыймай кетеді;

* Олар жаңадан туылған баласын қолға алып көтеруден қорқады. Өйткені бір жерін ауыртып аламын ба деп қашады. Көтерген күннің өзінде орап-орап ұстауды жөн көреді;

* Олар баласын жұбатса, қызық-қызық әндер айтып, өзгеше еркелетеді. Анасы айтпаған бесік жырын айтып бәрін таң қалдырады;

* Олар өз әке-шешесінің көзінше ұлын еркелетіп, сүйе бергеннен кейде ұялады;

* Олар балаға ұзақ қарай алмайды. Бес минуттан ары асқан соң: «Ей, мамасы» деп аталатын күнделікті үйреншікті әнін айта бастайды;

* Олар балалар ойнайтын ойыншықтар мен ойын алаңдарын жақсы көре бастайды. Баласы қашан өсіп ойыншықтармен ойнайтынын елестетіп, мәз болады;

* Олар баласының қылықтары жайлы тақырыпты ерекше ықыласпен тыңдайды. Әйелімен көбіне осы тақырыпта қызу әңгіме айтады;

* Олар осындай қуаныш сыйлағаны үшін жарына алғысын айтады. Кейбіреуі іштей ғана разы болады;

* Олар достарымен отырғанда өз баласы жайлы айтып отырғанды да жақсы көреді;

* Олар баласының кішкентай киімдеріне қызығып қарап, мәз болады;

* Олар баласының әр қылығынан өзін іздеп, әр жерін өзіне ғана ұқсата береді;

* Олар «Балаң өзіңнен аумай қалыпты» деген фразаны жақсы көреді. Айтпағандардан сұрап алады;

* Олар осыдан кейін өмірдің бұрынғыдан да сәні кіріп, отбасылық жауапкершілігі артқандығын түсіне бастайды;

* Олар баласы сәл ауырса жанын қоярға жер таппай кетеді. Баламен қоса қиналып, жүрегі ауырады. «Балам ауырғанша мен ауырсамшы...» деп уайымдайды;

* Олар енді өз баласы үшін еңбек етуі керек екендігін ойлап, бұрынғы армандарына арман қосып, болашаққа жоспар қоя бастайды;

Әрине, әке атанған адам мұндай сезімдердің он сегізден асып, сексенге бара алатынын біледі. Әйткенмен жоғарыдағы он сегіз сезімнің өзі де көп жігіттің әке болуға қызыға қарауына әсер ете алатын күшке ие.

Сурет: Oskar Photocolorstudio

Ұқсас жазба:

Қызғаныш тудыратын әкелер

А. Әбілхан