Нағыз ерлер білуі тиіс қағидалар #2

Нағыз ерлер білуі тиіс қағидалар #2

Нағыз ер жігіттің білуі керек этикет қағидалары бар ма? Әрине, бар. Назарларыңызға өмірде, қоғамда қажетті болатын ұстанымдары ұсынамыз:

Басы

Сізге бағытталмаған сұрақтарға жауап бермеңіз

Біреудің затын рұқсатсыз алмаңыз

Қоғамның назарын өзіңізге аударуға әуестенбеңіз

Жағымсыз жағдай туындаса, ашу-ызаға берілмеңіз

Екі адамның әңгімесіне араласпаңыз

Бөлмеге шулап, кірмеңіз, шығарда есікті мейлінше тыныш жабыңыз

Жаңа танысыңыздың жанында «кісіленбеңіз»

Басқа ер адамға әйел затымен қалай сөйлесу керектігін үйретпеңіз

Бөлмедегі ең жайлы жерді мүгедек, қарт не әйел адамға ұсынуды әдетке айналдырыңыз

Біреудің сеніп тапсырған ісін аяқтаңыз

Қонағыңызға ең жайлы бөлмені ұсыныңыз

Бір жерге шақыру билетіне бір апта ішінде жеке не телефон арқылы жауап беру керек

Қонақжайлылық пен сыпайылыққа лайықты жауап қайырыңыз

Трамвай, автобус, транспортта аяғыңызды созып, отырмаңыз

Тен шын сөз айтыңыз

Қарыздарыңызды қайтарыңыз

Мұңайып жүрген адамға жылы сөз айтудан қашпаңыз

Біреудің кешірім сөзін қабылдаңыз

Ел алдындағы абырой үшін біреуді сөкпеңіз

Өз қарамағыңыздағы адамдарға мейірімді болыңыз

Ұлы адамдардың қателіктерін табамын деп, өзіңізді ақылды етіп көрсетуге құлшынбаңыз

Жақындарыңызға күлімсіреп, мейірімді болу керектігін ұмытпаңыз

Сурет: ©Фархат Тоқтаров

Ф. Абилова