Жігіттер қыздардың қандай қылықтарын түсіне алмайды?

Жігіттер қыздардың қандай қылықтарын түсіне алмайды?

Ер азаматтар қауымы нәзік жандыларды түсінгісі келеді. Сол үшін көптеген сұрақтарға жауап алғысы келеді. Бүгін біз сіздерге жігіттердің жауап таба алмай жүрген сұрақтарын ұсынамыз.

Неге қыздар болмашы нәрсеге жылай салады? Жігіттер қауымының көбі нәзік жандылардың көз алдында жылап тұрғанын қаламайды. Нағыз ер азамат сүйгенінің жанарынан аққан әр тамшы жасқа жауап береді. Жылатып алса, олар да өкінеді. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді. Қыздардың кез келген жағдайды жүрегіне жақын алып, жылай салатынын сонда да түсінбейді.

Неге дүкенді ұзақ аралайды? Қыздардың дүкен аралауына көп жігіт шыдай алмайды. Көбі осы үшін өз жүйкесін тоздырып жатады. Жігіттердің миына сыймайтын жауабы жоқ тағы бір сұрақ осы.

Неге табиғи түрін жасырады? Жігіттердің көбіне қыздардың боянған түрінен, боянбаған табиғи жүздері ұнайды. Олар беттеріне бояу жағып, түрлерін өзгертіп алатын қыздарды түсінбейді.

Неге диета үшін құрбандыққа барады? Көптеген ерлер қауымы әйелдер үшін проблема саналатын артық салмаққа аса мән бермейді. Диета үшін түрлі құрбандыққа баратын қыздарды түсінгісі келеді.

Неге сыртқа шыққанда ғана сұлуланады? Ер азаматтар әйелінің тек үйде, өзі үшін ғана сәнденіп, әдемі болып жүргенін қалайды. Сыртқа шыққанда бар әдемісін киініп, сыланып шығатын бойжеткендерді түсінбейді. Ал үйде шашы алба-жұлба, киімі алқам-салқам, қалай болса солай жүретініне күйінеді.

Неге "бірінші өзі хабарлассын" деп қырсығады? Жігіттер қыздарға хабарласқысы келген уақытта хабарласады. Оларда көбіне "бірінші өзі хабарлассын" деген ұстаным бола бермейді. Ал осындай қағидамен қатып қалған қыздарды түсіне алмайды.

Неге қыздар кездесуге ұзақ дайындалады? Кей жігіттер қыздардың бір сағаттық кездесуге бола неге бір күн дайындалатынына миын жетізе алмай дал болады. Жігітпен кездесу үшін ұзақ дайындалудың не қажеті бар деп таңданады.

Бірақ неге сонда да кешігіп келеді? Алдын-ала белгіленген кездесуге бір күн дайындалса да, қыздар кешігіп келеді. Неге? Бұл сұраққа да жауап жоқ. Олардың түсінігінше, кей қыздар дайын болса да "қой, жігіттен бұрын барып алмайын, ұят қой..." деп әдейі кешігіп келеді екен.

Неге қыздар сүйетінімізге сенбейді? Қыздар қауымы жігіттің сөзіне аса көп сене бермейді. Әсіресе, сезімін білдірсе, "сүйемін" десе... Неге? Оның үстіне жігіттер "Неге осы сөзді қайта-қайта айта бергенімізді қалайды?" деп күйінеді.

Неге қыздар құрбыларымен сөйлескен кезде қызғанады? Жігіттер қыздың құрбысымен қандай да бір жағдайда әңгімелесіп қалса, қызының қызғанып шыға келетінін де түсінбейді. Бұған да жауап іздейді.

Неге қыздар кездесуде тамақ жеуге ұялып отырады? Қыздар қатты қарны ашып отырса да, жігітпен алғаш кездескенде тоқ адам сияқты түр жасап, тамақтан ауыз тиеді де қоя салады. "Неге өйтеді? Үйде олай емес қой?" деп тағы дал болады жігіттер қауымы.

Неге қыздар өзін-өзі суретке түсіре беруден жалықпайды? Қыздардың үйде сөреде кимейтін киімдері мен әлеуметтік желілер мен телефонында селфи суреттері көп. Өзін-өзі айнадан көргенде өзіне-өзі ғашық боп қалатын қыздарды, сосын бір типті суреттерімен әлеуметтік желіні толтыратын қыздарды түсінбейді.

Жігіттер осы сұрақтарға жауап алып, түсінгісі келеді. Қыздар, жігіттердің тарапынан мына бітпейтін "Неге" деген сұрақтарға сіздерден жауап бар ма?

Сурет: Бекзат Кадирбеков

А. Әбілхан