Сынық құмыраның пайдасы

Сынық құмыраның пайдасы

Қытайлық қарт әйелдің күн сайын суға баратын екі құмырасы болады. Әр суға барған сайын екі құмырасына да суды толтырып құйып әкетеді. Бірақ үйге жеткенше үнемі тек бір жарым құмыра ғана су келеді. Құмыраның бірінің шетінде кішкене жырығы болатын. Судың жартысы үйге жеткенше сол тесіктен ағып кетеді екен.

Бүтін құмыра өзінің суды толық күйінде үйге әкеле алатынына риза. Ал, жырығы бар құмыра осы қылығы үшін үнемі ұялып жүретін. Ол өзінің кесірінен суға қайта-қайта барып шаршайтын қарт кісіні аяйтын. Бір күні бұл ісіне ұялған сынық құмыра қарт әжеге тіл қатады:

- Мені кешірші! Сен үйге жетемін дегенше мен судың жартысын төгіп аламын. Менің қолымнан түк келетін емес...

Сонда ақылды қарт әйел өзін кінәлі сезініп, кешірім сұрап тұрған сынық құмыраға былай деп жауап берді:

- Сен байқадың ба, мен дәл сен өтетін шетке гүл егіп тастағанымды? Ал мына шетке екпегенмін. Сенің көмегіңмен мен оларды күн сайын суарамын. Ал, гүлдер менің көзім мен көңілімнің қуанышы және олар менің үйіме ерекше сән сыйлап тұр. Егер сен болмағанда мына сұлулықтан жұрдай болушы едік. Мұның бәрі сенің арқаң!..

Сурет: bolshoyvopros.ru

А. Әбілхан