Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Ақшаны қалай жұмсау керек?

Ақшаны қалай жұмсау керек?

Ақшаны қалай жұмсау керек?

Қаржы − қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі һәм бірегейі. Мына заманда ақшасыз, бір қадам аттап та баса алмайсың. Ақшаны табу көп адамның қолынан келеді. Дегенмен, орнымен жұмсап, тиыннан тау соғатын жандар некен-саяқ. Олай болса, бүгінгі жазбамыз "ақшаны қалай, қайда жұмсау керек?" деген сұрақтарға жауап береді.

1. Жұмсағаныңыз тапқаныңыздан аз болсын.

Қаржының қорын жинағыңыз келсе, тапқан табысыңыздан жұмсаған шығыныңыз аз болсын. Бұл қағиданы ұстансаңыз, алдағы уақытта кедергілерге тап болмайсыз.

2. Қаржы мәселесін күрделендірмеңіз!

Несиеңіз артқан сайын, шығыныңыздың да көп болатынын естен шығармаңыз. Жиналған қорыңызды сақтау да қиын. Ол үшін қаржы саласында ешқандай қателікке ұрынбаңыз.

3. «Болашақ меніңізге» бүгінгі күніңізді басқартпаңыз.

Бүгін сатып алуға шамаңыз келмеген затты «болашақта алармын» деп, болашақтың еншісіне қалдырмаңыз. Оған себеп мынау: болашақтағы табысыңыз бүгінгі күніңізге жауап бере алмайды. Кім біледі? Келешектегі қаржыңыз басқа да шығындарға жұмсалуы мүмкін ғой.  

4. Қаржыны дұрыс басқарыңыз.

Үлкен пайызбен берілетін қарыздарыңыздан дереу құтылыңыз. Жаймен қаржыңызды белгілі бір қорға жинаңыз. Оған қоса, қаржыңызды өсіріп отыруды да ұмытпаңыз

5. Бюджет!

Бюджет — қаржыны басқарудың ең тіимді жолы. Бірақ, табыс көзіне сенімді болыңыз.

Ақылды адамдар бюджетті қалай құрады? Олар бюджетті өткен айдың шығыны негізінде құрады. Өткен шығынның есебін есептей отырып, келер шығынды да қысқарта бастайды. Артылатын ақшаны «мына жаққа» сақтау – осыдан басталады.

6. Жоспардағы шығындарыңыз өзіңізге тиімді болсын!

«Ақша – су», «ақша көзге көрінбейді» деп жатамыз. Демек, ақшаны сізге керек қана заттарға жұмсаңыз.

7. Өзіңіздің табысыңызды есептеп жүріңіз!

Жыл бойы тапқан табысыңыздан барлық шығындарыңызды есептеп шығарыңыз. Кейін жұмысқа қанша уақыт жұмсайтыныңызды сағатпен есептеңіз. Сосын барлық жұмыс уақытыңызды жылдық табысыңызға бөліп, сағатына қанша табатыныңызды есептеп шығыңыз

8. Алдыңызға мол мақсат қойыңыз да, жадыңыздан шығармаңыз.

Мақсатқа жету үшін көп қаржы керек. Қаржыны бет алды жұмсау сіздің мақсатқа жету үшін кедергі болуы мүмкін. Сондықтан, мақсатыңызды жадыңыздан шығармай, үнемі есте ұстаңыз.

9. Көлігіңізге «тұлға» ретінде қараңыз.

Үнемдеу туралы айтқанда, айыппұлдар мен жанар-жағар майды ұмытпаңыз. Жолда жүру ережелерін мұқият сақтасаңыз, айыппұлдан алыс жүресіз. Ал жылдамдығыңызды арттырған сайын жанар-жағар майға жұмсалатын ақша да көп кетеді. Сондықтан, көлік жүргізуде аса сақтықпен жүріңіз.

10. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына да мұқият болыңыз.

Жылу, су, жарық сынды коммуналдық ақылардың есебін алдын-ала есептеп отырңыз. Және оларды қолдануда да сақтықпен қараңыз. Тоқ көзімен жұмыс істейтін құрылғыларды «жандырып» алмаңыз. Әйтпесе, жаңа құрылғы үшін де қаржыңыз желге ұшады.

11. Үй жөндеуде сауатты болыңыз!

Үй жөндеу үшін кейбіріміз арнайы мамандар шақырамыз. Ал бұл- аса қиын шаруа емес. Сол себепті, бұндай тірліктерге икемді болыңыз. Бүгінгі таңда өз бетімен үйрену үшін бар жағдай жасалған. Қолыңыз қалт еткенде, ғаламтор желісінен жөндеу жұмыстары жөнінде арнайы видеоларды көрсеңіз, өз бетіңізбен үйреніп алатыныңызға күмәніңіз болмасын.

12. Балаларыңызды қаржы сауаттылығын өз қағидаңызбен үйретіңіз.

Өз балаларыңыз сіз секілді қаржы сауаттылығымен өссе, жанұяңыздың болашақтағы қаржы мәселесі өздігімен реттеліп отырады. Осы аталған қағидаларды балаңыздың санасына сіңіріп отырғаныңыз абзал. 

Сурет: рrostoinvesticii.com

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 06 наурыз 2015, 01:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.