Жігіттерге арналған жаднама

Жігіттерге арналған жаднама

Әйел адамның аузынан шығатын мынадай сөздердің астарын сіздерге айқындап берейік:

«Бес минут!»

Егер үйден шығуға жиналар алдында «қазір, бес минут» деген болса, деміңізді басып, диванға жайғасып отыра берсеңіз болады. Жарты сағат шамасынан кем күтпейсіз. Бұл орайда сізге берер кеңесіміз, әйел адамды «бол, болмен» тездетпей, сабырлықпен күткеніңіз жөн. Себебі, ол сіздің қасыңызда сұлу, әдемі болып жүру үшін тырысуда. Ал егер сізге футболды көруге бес минут берсе, ол расында да «бес минут» болатынына күмәнданбаңыз.

«Ештеңе болған жоқ!»

Бұл сөз – дау мен төбелестің басы. Дайындалыңыз.

«Қане, жалғастыра бер, тыңдап тұрмын»

Бұл рұқсат емес, соғысқа шақырумен бірдей. Сондықтан, жалғастырушы болмаңыз!

Ауыр күрсіну.

Ол не үшін уақытын құртып, сізбен дауласып тұрғанын өзі түсінбей, сізден көңілі қалып тұрғанының белгісі.

«Бәрі жақсы»

Бұл – сіздің жіберген қателігіңізге қандай жаза қолданатынын ойластыру үшін тайм-аут алардағы сөз.

«Рахмет саған үлкен»

Егер әйел адам сізге бұл сөзді ерекше екпінмен айтса, «оқасы жоқ» деп жауап қайырудан аулақ болыңыз.

«Маңызы жоқ, маңызды емес»

Сізден мәдениетті түрде, дөрекі сөздерді қолданбай құтылғанының белгісі.

«Қоя салшы, өзім істеймін»

Егер ол сізден бір нәрсе істеуді бір емес, бірнеше рет сұрап, ал сіз оны істемеген кезде айтылатын реніш сөздері. Содан кейін ол бұртиып жүреді де, сіздің «Не болды саған?» деген сұрағыңызға жоғарыда талданған «Бәрі жақсы» деген жауап қайырады.

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: vk.com

Ф. Абилова