- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттердің достығы жайлы...
Жігіттердің достығы жайлы бірер сөз
Жігіттердің достығына барлығы да қайран қалады. Өйткені, олар ойымен де, қолда барымен де теңдей бөліседі. Нағыз дос әрдайым көмекке келеді. Әрине, түсініспеушілік пен реніш болуы мүмкін. Есесіне адал достар арада қандай кикілжің болмасын, ұмытып, барлығын ақ парақтан бастауға әзір. Шынайы достықтың төмендегідей белгілері бар:
– Достық әрқашан қымбат;
– Ренжіскен жағдайда татуласуды бірінші болып ұсыну керек;
– Досты қиын жағдайда қалдыруға болмайды;
– Досымызбен кез келген нәрсемен бөлісуіміз керек;
– Досымызға адал болуымыз керек.
Ал сіз қыздармен достаса аласыз ба? Әрине, достасуыңызға болады. Үй тапсырмасын бірге орындап, мектепке бірге баратын мүмкіндіктеріңіз де бар. Және мұнда тұрған күлкілі еш нәрсе жоқ. Ұялу да жарамас. Алайда, қыздардың айналасындағыларды көндіруге ұмтылатындығын ескеріңіз. Олар өздеріне дөрекі сөйлеп, итерген кезде қатты ренжиді. Сондықтан, қыз досыңызбен сөйлескенде абай болыңыз.
Сіздерді мазақтап, «Ғашықтар» деп келеке етсе ше?
– Мұндай мүмкіндік күнде туа бермейтіндіктен, оның өзіңізге аса маңызды екенін көрсетіп, дос болып қала беруге тырысыңыз. Өзгелері қарсылық танытса да, оған қажет мөлшерде көңіл бөліңіз. Және қыздың сізбен сөйлесуді ұнататындығы сізді жақсы көреді деген сөз емес.
– Ұялмаңыз. Мазақтайтын оқушылар бар болғаны сіздердің достықтарыңызды қызғанады. Бірақ бұл қызғанышын өздері де байқамауы мүмкін. Бастысы – ұялшақтығыңыз достықтарыңызға кедергі болмасын. Қыздар мен жігіттер жан достар болады. Барлығы тек өзімізге байланысты.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Сырым Адиевтің жеке парақшасынан
Қ. Бүйенбай