- Негізгі бет
- Бозбала
- Онлайн-олжа: бойыңыз кіммен...
Онлайн-олжа: бойыңыз кіммен бірдей?
Фото:
multimedia.scmp.com
South China Morning Post басылымы әлемнің саяси тұлғаларының бойын жинақтап, оларды бір графикке салған екен. Соның арқасында кез келген адам өзінің бойы қай тұлғамен бірдей, кімнен ұзын екенін біліп қызықтай алады.
Дизайнер Марсело Дуальде Наполеон Бонапарт, Генрих VII, Елизавета II сияқты қазіргі және тарихи саясаткерлерді бейнелеген.
Рейтингке енгендер ішінде бойы ең қысқа болған қытайлық саясаткер Дэн Сяопин екен. Оның бойы – 152 сантиметр. Ал бәрінен биік болған – Шотландияның халық қаһарманы Уильям Уоллес (198 сантиметр).
Бойыңызды салыстыру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Massaget.kz