Қазақ сарбазы Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

43386 әскери бөлімінің командирі, кіші сержант Ержан Әбілмансұров Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш жолдады, - деп хабарлайды Ult.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство сайтының мәліметінше, сарбаз белтемірде (турник) екі қолына жаттығу жасаудан әлемдік рекордты жаңартпақ. Ол 1 сағат 40 минутта 400 рет, яғни минутына 25 рет тартыла алады.

Бұл қазақстандық әскерилердің физикалық дайындықтарының міндетті көрсеткіші екен. Белтемірде екі қолмен дененің жартысына дейін көтерілу керек. Сондықтан да бұл белтемірде жай тартылудан әлдеқайда қиын және физикалық дайындықты, күшті қажет етеді.

Жаттығудың бұл түрінен қазір әлемдік рекорд жасаушы белорус Максим Трухановец. Ол белтемірге минутына 21 рет тартыла алады.