Арық қыздың да, толық қыздың да басты мәселесі салмақ тастау болса, жігіттер, керісінше, салмақ қоса алмай әлек. Спортпен шұғылданып, дене шынықтырғанда ас мәзірін де басты орынға шығару қажет. Бұлшықеттің басты қорегі – протеин. Бірақ протеин бағасын кез келген адамның қалтасы көтермейді. Сондықтан шығынсыз әрі тиімді жолмен протеин коктейлін үйде өзіңіз жасап ішсеңіз болады.
Ол үшін блендер не басқа езу құралы болса жеткілікті.
Блендерге 100 г сүзбе (творог) саламыз.
Оған жарты бананды турап қосамыз.
Бір қасық бал, аздаған сүт және шырын қосуға болады. Блендерді қосып, араластырамыз.
Протеин коктейлі дайын.
Егер салқын да қою коктейль қаласаңыз, мына мәзірге жүгініңіз. Мұны сұйылту үшін сүт қосуға болады.
Блендерге сүзбе мен балмұздақ саламыз.
Оған банан турап қосамыз да, араластырамыз.
Дәмді де шығынсыз коктейль дайын.
Тағы мына мәзірлер бойынша дайындауға да болады.
Арнольд Шварценеггер коктейлі:
– 2 шыны сүт;
– жарты шыны құрғақ сүт;
– жарты шыны балмұздақ;
– 1 жұмыртқа.
#2 Коктейль
– 250 мл сүт;
– 1 банан;
– йогурт не айран;
– 2 қасық бал;
– корица;
– сұлы жармасы (овсянка);
– балмұздақ.
#3 Коктейль
– 1 стақан сүт;
– 1 жұмыртқа;
– 1 қасық қант.
#4 Коктейль
– 200 г сүзбе (творог);
– 100 г айран;
– 100 г шырын;
– құрма не банан.
#5 Коктейль
– 100 г сүзбе;
– 100 г шие шырыны;
– жұмыртқа ақуызы;
– аздаған қант.
#6 Коктейль
– 1 жұмыртқа;
– 1 қасық бал;
– 1 қасық үгітілген грек жаңғағы;
– 1 стақан айран.
Барлығын блендер не миксермен араластырып, салқындай ішіңіз.