Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Спортзал / Салмақ қосу жолдары #3

Салмақ қосу жолдары #3

Салмақ қосу жолдары #3

Жаз салмақ жинаудың ең тиімді мерзімі. Салмақ қосуда жаттығу залы аздық етеді. Жиі әрі тойымды тағам жеу керек. Бар көкөніс пен жеміс-жидек толық пісіп тұрған шақта бас тартпаған абзал. Салауатты өмір салтын ұстанған әр адам дене мүсінін қалыпты ете алады. Ағзасына май емес, ет қосқысы келетін жігіттерге мынадай азық-түлік алуға кеңес береміз. 

1. Тәтті бұрыш

Тәтті бұрыштың құрамында С дәрумені бар. Болгар бұрышының «С дәрумені» лимон мен қара қарақаттың құрамындағы мөлшердей болады. Тәтті бұрыш неғұрлым қызыл болса, дәрумен де соғұрлым көп болады. Олардың не үшін түрлі түсті болатынын алдыңғы жазбаларымызда айтқан болатынбыз.

2. Майшабақ

Майшабақ қосылған салат креатинге бай. Майшабақтың құрамындағы креатин бұлшықетті нығайтады, сонымен қатар оны тек өзін емес, көкіністермен жеген абзал.

3. Жасымық

Жасымықтық құрамында 26% ақуыз бар. Темір, мырыш секілді элементтер адамға күш береді. Әсіресе, езбе сорпа ретінде дайындап ішсе, ағзаны неше түрлі дәрумендермен қалқалайды.

4. Паста

Тауық еті қосылған паста – фитнеспен шұғылданатын жандарға аса пайдалы. Жаттығудан кейін жоғалған көмірсуды макарон өнімдерінен жасалған тағамдар қайта қалпына келтіреді. Энергияның артық күші осы – макарон өнімдерінде. Көңіл-күйіңізге қарай макаронның қалаған түрін таңдап, етпен пісіріп және қолдан жасалған соуспен дәмін келтірсе, ағзаңыз сізге алғысын жаудырады.

5. Қояншөп (спаржа)

Қояншөптің ақуызы көкөністер арасында бәрінен де көп. Жаңа өскен қояншөптің 5%-ын ақуыз алады. Сонымен қатар, оның құрамында калий көп. Калий қан айналым жүйесіне көмектеседі. Ал мырыш бұлшықеттің нығаюына оң әсер етеді. Жасұынықтар (клетчатка) ас қорытуда маңызды рөл атқарады.

6. Бидай

Бидайдың құрамында хром көп, хром ағзаға энергияны көп бөлуі үшін керек. Сонымен қатар, оның құрамында бұлшықетке қан тасымалдайтын аргинин аминқышқылы бар.

7. Газдалмаған минералды су

Бұлшықеттің 80%-ы судан тұрады, сол үшін сусыз өмірді елестету қиын, әсіресе, салмақ жинап, ет қосамын деушілер үшін суды міндетті түрде жиі ішу керек. Жаттығу кезінде аз-аздан ішіп жүрген артық етпейді. Себебі адам жаттығу кезінде көп терлейді, көп су жоғалтады. Кеткен судің орнын толтырып отырмасаңыз, жаттығу өнімді болмайды.

8. Күркетауық еті

Балықтың құрамында қанша фосфор болса, күркетауық етінің де құрамында сонша фосфор болады. Ал ақуыз – 50%. Табиғи соуспен дәмдеп, кешкі асқа жеген дұрыс.

Фото: wallpapercave.com
Қосылған күні: 13 маусым 2016, 13:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.