Салмақ қосу жолдары #2

Салмақ қосу жолдары #2
Фото: wallpapers.com

Жазғы маусымға дайындықты қазірден бастау керек. Салауатты өмір салтын ұстанған әр адам дене мүсінін қалыпты ете алады. Ағзасына май емес, ет қосқысы келетін жігіттерге мынадай азық-түлік алуға кеңес береміз.

1.   Қияр

Кей адамдар қиярдың қабығын ашып жейді. Олар қияр сыртындағы дәруменнің пайдасын білмейтін болар. Естеріңізде болсын, қиярдың бар құндылығы – оның сыртында. Қиярдың қабығы ағзады дәнекер ұлпасын нығайтады.

2. Шоколадты сүт

Бұлшықет мықты болуы тиіс. Бірақ заттың сырты әдемі бола тұра, іші жарамсыз болса, қажеті шамалы. Сол секілді бұлшықет мықты болса, сәйкесінше сүйек те мықты болуы керек. Таза табиғи сүт сүйектегі кальций мөлшерін көтереді. Егер сүтке шоколад қосып, шоколадты сүт жасап ішсеңіз, пайдасын екі есе болмақ.

3. Қарақұмық

Өзге дақылдарға қарағанда қарақұмықтың құрамында көмірсу әлдеқайда аз. Есесіне, ол – аминқышқылдарына бай. Аминқышқылдар бұлшықеттің жиырылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, қан айналу жүйесін реттейді. Қарақұмықты аптасына бір рет жеп тұрған абзал.

4. Бадам

Бадамның құрамында Е дәрумені бар. Е дәрумені жаттығудан кейін әлсіреген бұлшықетті қалпына келтіретін қасиеті бар. Күніне екі уыстан кем жемеңіз. Сонымен қатар, жаңғақтар көңіл-күйді көтеріп, жүректі түрлі аурудан сақтайды.

5. Шие шырыны

Шие – табиғат қойнауындағы табиғи дәрумен. Жаттығудан кейін шие шырынын ішсеңіз, ағзадағы қан айналым жүйесі бірізділікке түседі. Дене әлсіреп, ағза сыр бере бастағанда да, дәрігерлер шие шырынын ішуге кеңес береді. Оның құрамында адамды сергітетін зат бар.

6. Кептірілген жемістен жасалған кәмпит

Тәбетіңіз тәтті тағамды қаласа, майлы креммен көмкерілген тортты емес, жеміс-жидек тосабынан жасалған кәмпиттерді (пастила) жеңіз. Әсіресе, алма езбесінен дайындалған кәмпиттің берер пайдасы көп. Десерттердің ішінде бояусыз жасалған табиғи өнім осы – жеміс қағынан жасалған кәмпит. Калориясы да, майы да аз, есесіне ақуызы мол.

7. Екпе шиырмақ (кресс-салат)

Бұл шөптің құрамында С дәрумені мен темір элементі көп. Бұлшықетті нығайтып, күш береді. Екпе шиырмақты салат жапырағымен, күнземен, аскөкпен, көк жуамен, май, сірке суы не лимон қышқылымен, араластырып, балық тағамдарымен жеуге болады.

8. Күнжіт халуасы

Күнжіттің құрамында мырыш элементі бар. Ол бұлшықеттегі жасуша ұлпаларында және ақуыздың түзілуінде маңызды рөл атқарады. Жаттығу алдында күнжіт халуасын кофемен ішкен дұрыс.

9. Жұмыртқа

Салмақ жинаймын деген адамға жұмыртқаның құрамында керек ақуыз табылады. Ақуыздың құрамындағы D дәрумені бұлшықетті біріктіріп тұрады. Дәрігерлер аптасына 5 жұмыртқадан артық жеуге рұқсат етпейді.

10. Папайя

Бұл тропикалық жемістің құрамында «папаин» деп аталатын ақуызды ыдырататын зат бар. Паттайиде өсетін экзотикалық жемістің дүкен сөрелеріндегі мұздатылған түрі де өз қызметін толық атқара алады.

Г. Берік