"Крав-мага" - өзін-өзі қорғау сабақтары

"Крав-мага" - өзін-өзі қорғау сабақтары

"Жаттығу залының" бүгінгі шығарылымы "Крав-магаға" арналады.

"Крав-мага" - Израильде негізі қаланған қолма-қол ұрыс түрі. Оның мақсаты өмірге төнген қауіпті тез арада бейтараптандыру. Өзінің тиімді тәсілдері мен жас, жыныс талғамайтынының арқасында, ұрыстың бұл түрі тез-ақ танымалдылыққа ие болды. Шынайы өмірде ешкім соққыны баяу және ескертіп жасамайды, сол себепті де "Крав-мага" шапшаңдыққа негізделген. Онымен қоса қарапайым адамның қолында үнемі қару болмайтыны ескеріліп, қолға түскен кез келген затты, мейлі ол ұялы телефон, қалам, сөмке болсын, қару ретінде пайдалану да үйретіледі.

"Крав-маганың" негізгі ұстанымдары:

Жарақат алмау;
Шабуылдаушыны тез арада зиянсыздандыру;
Шапшаң түрде қорғаныстан шабуылға көшу;
Дене рефлекстерін пайдалану;
Шабуылдаушының осал тұстарын ұтымды пайдалану;
Кез-келген затты көмек ретінде пайдалану;
"Крав-мага" жаттығулары әдетте шынайы өмірге барынша ұқсас етіп өткізіледі. Мысалы, бірнеше қарсыласқа қарсы немесе бір қолды пайдаланып қана төбелесу, қарулы шабуылшыға қарсы амалдар қолдану.

Жалпы, "Крав-мага" кейбір шығыс жекпе-жек түрлері сияқты пәлсапаға негізделмеген. Ол рухани кемелденуге емес, физикалық дамуға көп мән береді және адамның қауіпті жағдайдағы іс-әрекеттеріне ғылыми тұрғыда қарайды.

"Крав-маганың" бірнеше әдісін "Жаттығу залынан" көре аласыздар!

Y. Almabek