Сайтымызда "жаттығу залы" ашылды

Сайтымызда "жаттығу залы" ашылды

Шынықсаң шымыр боласың деген халқымыз. Кейде жаттығу залдарына барып шынығуға мүмкіндік бола бермейді, бірақ спортпен айналысқысы келетін адам шынығудың амалын табары анық. Сондай амалдардың бірі спорт шеберлерінің видеодәрістерін көріп, сабақ алу. Достар, сайтымызда "Жаттығу залы" деп аталатын айдардың ашылғанын қуана хабарлаймыз! Енді сіздер ел аузында жүрген атақты спорт шеберлерінің видеодәрістерін біздің сайттан көре аласыздар! Дәрістер әр сейсенбі сайын жарияланып отырады.

Бүгін джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Бейбіт Назаровтың дәрісін тамашалай аласыздар!

Y. Almabek