Дене бұлшық етін ешқандай жаттығусыз қалай шығаруға болады?

Дене бұлшық етін ешқандай жаттығусыз қалай шығаруға болады?

Егер адам ойша спортпен шұғылданатын болса, ол адамның денесі шымырлана түседі.

Мұндай жаңалықты америкалық ғалымдар жүргізген сынақтарының нәтижесінде ашқан. Тәжірибеге 25-30 жас аралығындағы 10 ерікті адам қатысқан. Эксперимент кезінде қатысушылар ойша гимнастика спортымен айналысады. Арада біршама уақыт өткен соң олардың дене бұлшық еттері қатайып, бұлшық ет тығыздығы 13,5 % жоғарылаған. Сонымен қатар қатысуышалардың дене тұрқысы сол қалыпта 3 ай бойы сақталыпты.

Огайо штатындағы  Кливленд клиникасының физиолог докторы Гуанның айтуынша, мида орналасқан нейрондар вертуалды жаттығудың әсерінен дене бұлшық етін қимыл іс-әрекетке келтіреді. Нейрондардың жақсы жұмыс істеуі миға келетін импульсқа тікелей байланысты болса керек.

Оқи отырыңыз:

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: www.groupon.de

Н. Нұрмаханұлы