Баланың бойы өсуіне не әсер етеді?

Мамандардың айтуынша, адамның бойы дәл бала мен жасөспірім шағында тез өседі. Одан бұрын жатырда жатқан баланың бойы ең тез өседі екен.

Ана жатырында жатқан бала тоғыз айда жарты метрдей өсетін көрінеді. Сосын жыл сайын бүлдіршін шағында 20 метрдей өсіп отырады. Сондықтан баланың бойын өсіруге осы шақта мән беру керек. Кейін уақыт өте келе өсу процесі баяулайды.

Баланың бой өсуіне әсер ететін ең негізгі нәрсе – өсу гормоны. Ал өсу гормоны адамда ұйықтағаннан кейін 2 сағаттан соң бөлінеді. Бұл гормон жақсы бөліну үшін бала жақсы ұйықтауы керек, ұйқысы қанық, денесі демалған болғаны жақсы. Сондықтан ең алдымен осыған мән берген абзал деседі мамандар.

Одан кейін баланың өсуіне әсер ететін – тағам. Ет пен сүт, басқа да жануартектес тағамдардың көлемі азайып кетсе, балада өсу процесі баяулайды.

Бой өсуге әсер ететін тағы бір нәрсе – А дәрумені. Оған да мән берген жөн.

Бәрінен де ең бастысы – бұл генетика. Ұзын бойлы ата-анадан бойшаң бала дүниеге келеді. Спорт пен физикалық жаттығу да көп әсер етеді. Әсіресе, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлері бойды тез өсіреді.