ER-BATYR жобасында Мақсұтбек Айтмағанбет: "Отбасын тәрбиелеу арқылы қоғамды тәрбиелейміз"

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет.

Ол жүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында саналы әке болу деген не, бала тәрбиелеуде қандай проблемалар бар, ер адам өз отбасы үшін жауапкершілік алуы неге соншалықты маңызды екені туралы әңгімелеп, ажырасқан жағдайда бала тәрбиелеп отырған әкелерге кеңес береді.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20.00-де ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалаңыздар. Сондай-ақ, сағат 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан қарай аласыздар. Жоба серіктесі - Altel мобильді операторы.

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы – erbatyrkz.