Ит талап, қайтыс болған баланың ата-анасы дабыл қақты

Ит талап, қайтыс болған баланың ата-анасы дабыл қақты
Фото: Видеодан алынған скриншот

Ақтөбеде салынып жатқан нысандардың бірінен 12 жастағы баланың денесі табылған, оны ит талаған. Қаза тапқан баланың ата-анасы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды massaget.kz.

Қайғылы оқиға 9 маусымда Есет батыр тұрғын алабының №3 шағынауданы аумағында болған. Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қан жоғалту, бас, денесінің жоғары және төменгі бөлігіндегі жарақат" түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1001 түн бағдарламасына сұхбат берген ата-ана дабыл қағып, әкімдікке сұрау салды.

"Біздің ауданда қаңғыған иттер көп жүреді екен. Мысалы, бүгіннің өзінде иесіз екі итті көрдім. Одан бөлек, қызымыз қаза тапқан жерді де көрдік, ол жерде де жағдай реттелмеген. Біздің білуімізше, мұндай жағдай тек біздің отбасымызда болып отырған жоқ, осындай жағдайлар жиі тіркеледі. Бұған дейін бір қызды 15 ит талап тастаған екен. Бұл мәселе тез арада шешілмесе, тыныштық болмас", - дейді қаза тапқан қыздың ата-анасы. 

М. Жәмішжанов