Жігіттің жеті қасиеті

Жігіттің жеті қасиеті

"Елді телісі мен тентегінен таныма, ері мен серісінен таны" деген данагөй халқымыз. Ер азаматты елдің айнасы. Ендеше қазіргі қазақ қоғамындағы жігіттердің бойында қандай қасиет болуы керек. Соған тоқталып көрсек. 

1. Атқа бұғалық салып ноқталау, одан қала берді ауыздықтап абайлап міну.

Әдетте атқа тақымы мықты, қарымы қатты азаматтар қонады. Өн бойын тік ұстап, тақымындағы жануарды басқара білген еркек атаулы әлсіз болмасы хақ.

2. Кекірт басты кішірейтіп, кінәлі болса кешірім сұрай білу.

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Кейде біреуге қызбалықпен көңілге кірбің түсірер сөз айтып қаламыз. Пенде болған соң, адам атаулы қателесетіні анық. Қателікті түсініп дер кезінде кешірім сұрау - нағыз азаматтың ісі.

3. Аз сөйлеу. 

Қазақ халқы "көп сөз көмір, аз сөз алтын" деп нақты байлам айтқан. Көпіріп көп сөйлеу ер азаматқа жат қылық.

4. Мал соя білу.

Байырғы бабалар ұстамында әрбір он үш жасқа толқан ер жігіт кемі қой сою өнерін меңгерген. Адал жолмен құран бағыштап, мал сою жігіттің жеті өнеріне кіруі шарт.

5. Жеті атаны жатқа біліп, шыққан тегіңді ұмытпау.

Арғы атаңды тану - тектіліктің белгісі. Бұл қасиет отбасы құрғанда өте маңызды болып табылады. Себебі қазақ халқында "жеті атаға дейін қыз алмау" деген дәстүр бар. Бұл болашақ ұрпақтың денсаулығына маңызы зор.

6. Тарих қатпарларынан хабардар болу.

Ер жігіт қыз балаға қарағанда ежелгі тарихымыздан ақпаратқа қанық болғаны жөн. Себебі ұлттың кешегі болмысын ұмытпай дәріптеу біздің міндет.

7. Қандай жағдай болса да батылдық таныту, ішкі эмоцияңды тізгіндеу.

Егер ісі оңға баспай, ойдағыдай болмаса, қол қусырып, өмірге ренжуге әдеттенген жігіттер бар. Өз эмоцияларыңызды билей аласыңыз, өзіңіз жайлы жақсы, оң пікір қалыптасатынына сенімді болыңыз.

Коко Шанель "Әйелдер әйелдер үшін киініп, әйелдер үшін бәсекелеседі. Бірақ жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді" деген екен. Сондықтан ер адамның қоғамдағы орны ерекше.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді