Кеше, яғни қыркүйек айының он үші күні Астана қаласындағы америкалық KFC фастфуд өнімінің желісінде белгісіз біреу тамақтанып отырған әйелдің әмиянын білдіртпей алып кетті, — деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Мекемеде орналасқан камера ұрлықшының әйел сөмкесін ашып, әмиянын алып жатқан сәтін түсіріп алған. Онда қалташының әйелді біраз уақыт бойы аңдығаны мен бақылағаны қатты байқалады. Видеода жігіттің жасы шамамен отыздарда. Зардап шегуші барлық қолданушы мен оқырманды видеодағы адамды таныған жағдайда полицияға хабарлауын сұрайды.