Интернетте Рамазан есімді бірінші сынып оқушысының үй тапсырмасын орындауға қиналып, жылап отқан сәті түсірілген видео жарияланды.
Көзі жасқа толған бала Александр Пушкиннің "Руслан және Людмила" поэмасынан үзінді жаттауға қиналып отыр. Оның айтуынша, поэма бастауыш сыныбында оқитындар үшін тым күрделі. Оқушы орыс классигінің шығармасын жаттады ма, жоқ па белгісіз. Әлеуметтік желілерде видео қызу талқыға түсті.
Дереккөз: Tengrinews